Жамбыл облысында жел электр станциясы салынады

© Photo : Пресс-служба министерства энергетики КазахстанаЖел электр станциясы
Жел электр станциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысындағы Мирный ауылына жақын маңда жел электр станциясы салынады, "Самұрық-Қазына" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ және "TotalEnergies" компаниясы келісімге қол қойды.
"Құжат энергияны жинақтау жүйесін пайдалана отырып, жалпы қуаты 1ГВт жел электр станцияларын дамытуға, қаржыландыруға, салуға және пайдалануға бағытталған", - делінген энергетика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Нысан Жамбыл облысындағы Мирный ауылына жақын орналасатыны хабарланды.
Жобаның құрылысы кезең-кезеңмен жүргізіледі, ол 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі кезеңде толық аяқталады деп жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0