https://sputnik.kz/20220610/uqk-qantar-oqigasy-derekti-film-25453051.html
ҰҚК қаңтар оқиғасы туралы деректі фильм түсірді - видео
ҰҚК қаңтар оқиғасы туралы деректі фильм түсірді - видео
Sputnik Қазақстан
Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қаңтар сабақтары" деректі фильмін жариялады 10.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-10T15:54+0500
2022-06-10T15:54+0500
2022-06-10T15:54+0500
видео
қаңтар
оқиға
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0a/25452538_103:0:1155:592_1920x0_80_0_0_6e5033773c18e2d0f6567c8b4b18f487.png
Куәгерлер Маңғыстаудағы оқиғалар қалай басталғанын және жаппай тәртіпсіздікті тоқтату үшін қандай шаралар атқарылғанын айтып берді. Алаңға жиналғанын халықтың психологиясын зерттеуге тура келді. Облыстық мәслихат депутаты Аят Сүгірбайдың айтуынша, Маңыстаудағы халықты таратуға туыстық қарым-қатынас та көмектесті. "Біз алаңда қандай ұжымдар бар? Олардың көшбасшылары кім? Кімдердің ықпалы жүреді? Осының бәрін талдауға кірістік. Сосын өңіріміз қазақи болғаннан кейін ағайын-тума, құда-жекжат деген сияқты қарым-қатынасымыз жақсы рөл ойнап кетті. Себебі қарға тамырлас қазақпыз ғой. Ағайын-тумамыз бар, басқамыз бар. Бір рудың ішінде сыйлайтын ақсақалдарымыз бар. Сол кісілерге қолқа салдық, ешкімнің сойылын соқпаймыз, ешқандай саяси топтардың мүддесіне жұмыс жасамаймыз, бір ғана мүддеміз бар, ол – елдің бірлігі деп айттық. Дүние-мүлік бұзылмауы керек деген мақсат ұстандық", - дейді Сүгірбай. Маңғыстаулықтар бірнеше күннен кейін тарады. Алайда елдегі жағдай тынышталған жоқ. Газдан басталған толқу республиканың жартысына тарап кетті. Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін қаңтар оқиғасы бойынша 5 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды. Фильмде зардап шеккен полицейлер соққыға қалай жығылғанын да айтып берді. Қаза тапқан тәртіп сақшылардың туған-туыстары сұхбат берді.Ал прокурорлар тергеу шараларымен таныстырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0a/25452538_234:0:1023:592_1920x0_80_0_0_da5318c40dfbee695b4ac9d99b81cea0.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаңтар, оқиға, видео
ҰҚК қаңтар оқиғасы туралы деректі фильм түсірді - видео
Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қаңтар сабақтары" деректі фильмін жариялады
Куәгерлер Маңғыстаудағы оқиғалар қалай басталғанын және жаппай тәртіпсіздікті тоқтату үшін қандай шаралар атқарылғанын айтып берді.
Алаңға жиналғанын халықтың психологиясын зерттеуге тура келді.
Облыстық мәслихат депутаты Аят Сүгірбайдың айтуынша, Маңыстаудағы халықты таратуға туыстық қарым-қатынас та көмектесті.
"Біз алаңда қандай ұжымдар бар? Олардың көшбасшылары кім? Кімдердің ықпалы жүреді? Осының бәрін талдауға кірістік. Сосын өңіріміз қазақи болғаннан кейін ағайын-тума, құда-жекжат деген сияқты қарым-қатынасымыз жақсы рөл ойнап кетті. Себебі қарға тамырлас қазақпыз ғой. Ағайын-тумамыз бар, басқамыз бар. Бір рудың ішінде сыйлайтын ақсақалдарымыз бар. Сол кісілерге қолқа салдық, ешкімнің сойылын соқпаймыз, ешқандай саяси топтардың мүддесіне жұмыс жасамаймыз, бір ғана мүддеміз бар, ол – елдің бірлігі деп айттық. Дүние-мүлік бұзылмауы керек деген мақсат ұстандық", - дейді Сүгірбай.
Маңғыстаулықтар бірнеше күннен кейін тарады.
Алайда елдегі жағдай тынышталған жоқ. Газдан басталған толқу республиканың жартысына тарап кетті.
Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін қаңтар оқиғасы бойынша 5 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды.
Фильмде зардап шеккен полицейлер соққыға қалай жығылғанын да айтып берді. Қаза тапқан тәртіп сақшылардың туған-туыстары сұхбат берді.
Ал прокурорлар тергеу шараларымен таныстырды.