https://sputnik.kz/20220610/toqaev-zhogargy-sot-toragasy-25454696.html
Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады
Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады
Sputnik Қазақстан
Кездесуде сот кадрларының сапасын жақсарту, азаматтардың сотта қорғалуын күшейту мәселелері қозғалды 10.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-10T15:49+0500
2022-06-10T15:49+0500
2022-06-10T15:49+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
жоғарғы сот
https://sputnik.kz/img/1210/50/12105013_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_6c4ae907d701c8bd4930ba484c046570.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот жүйесінің қазіргі даму барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорда.Жақып Асанов мемлекет басшысына азаматтық дауларды сотқа жеткізбей шешу мәселесі жөнінде айтып, соңғы үш жылда Жоғарғы соттың осы бағытта жүзеге асырған жобалары жайлы айтты. Оның айтуынша, бұрын істердің тек 2-3 пайызы ғана татуласумен аяқталса, қазір бұл көрсеткіш 37 пайызға жеткен.Жоғарғы сот төрағасының деректеріне сәйкес 2018 жылға дейін ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша бір жылда орта есеппен 23 адам ақталса, соңғы 4 жылда 160-тан астам азамат кінәсіз деп танылған. Яғни, көрсеткіш 7 есеге артқан.Президентке мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімшілік юстиция туралы айтылды. Жақып Асановтың айтуынша, былтырғы 1 шілдеге дейін азаматтар мен кәсіпкерлер қаралған істердің 85 пайызы бойынша мемлекеттік органдардан жеңілетін. Қазіргі таңда істердің 55 пайызы кәсіпкерлер мен азаматтардың пайдасына шешіледі.Сонымен қатар кездесуде сот кадрларының сапасын жақсарту, азаматтардың сотта қорғалуын күшейту, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және басқа да міндеттер туралы айтылды.
https://sputnik.kz/20220609/konstitutsiyalyq-sot-qashan-qurylady-25424577.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1210/50/12105013_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_9760cb815c048116994756a9678520e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, жоғарғы сот
қасым-жомарт тоқаев, жоғарғы сот
Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады
Кездесуде сот кадрларының сапасын жақсарту, азаматтардың сотта қорғалуын күшейту мәселелері қозғалды
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот жүйесінің қазіргі даму барысы туралы баяндады, деп хабарлайды
Ақорда. Жақып Асанов мемлекет басшысына азаматтық дауларды сотқа жеткізбей шешу мәселесі жөнінде айтып, соңғы үш жылда Жоғарғы соттың осы бағытта жүзеге асырған жобалары жайлы айтты. Оның айтуынша, бұрын істердің тек 2-3 пайызы ғана татуласумен аяқталса, қазір бұл көрсеткіш 37 пайызға жеткен.
Жоғарғы сот төрағасының деректеріне сәйкес 2018 жылға дейін ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша бір жылда орта есеппен 23 адам ақталса, соңғы 4 жылда 160-тан астам азамат кінәсіз деп танылған. Яғни, көрсеткіш 7 есеге артқан.
Президентке мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімшілік юстиция туралы айтылды. Жақып Асановтың айтуынша, былтырғы 1 шілдеге дейін азаматтар мен кәсіпкерлер қаралған істердің 85 пайызы бойынша мемлекеттік органдардан жеңілетін. Қазіргі таңда істердің 55 пайызы кәсіпкерлер мен азаматтардың пайдасына шешіледі.
Сонымен қатар кездесуде сот кадрларының сапасын жақсарту, азаматтардың сотта қорғалуын күшейту, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және басқа да міндеттер туралы айтылды.