https://sputnik.kz/20220610/toqaev-zansyz-shygarylgan-qarzhy-25451769.html
Халықтан ұрланған активтерді елге қайтарып, әділдік орнатуымыз керек – Тоқаев
Халықтан ұрланған активтерді елге қайтарып, әділдік орнатуымыз керек – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы ведомствоаралық комиссияны белсенді әрі нәтижелі жұмыс істеуге шақырды 10.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-10T14:26+0500
2022-06-10T14:26+0500
2022-06-10T14:35+0500
экономика
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0a/25451906_0:0:751:422_1920x0_80_0_0_81f0798bef95ec56374fe581c6d2bbe4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы экономика саласын тәртіпке келтіріп, түсінікті әрі әділ ойын ережесін бекіту қажет деп санайды. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Қазақстанда экономикалық дамудың басты қағидаты табыстың әділ бөлінуі және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру болуға тиіс екенін атап өтті.Мемлекет басшысы ведомствоаралық комиссияны белсенді әрі нәтижелі жұмыс істеуге шақырды."Комиссия жұмысының нәтижесі нақты әрі сапалы болуы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, басты мақсат сотқа берілген қылмыстық істердің саны емес, экономиканы нақты сауықтыру. Президент комиссияның қызметі жөнінде жұртшылыққа жүйелі түрде хабар таратып отыруды тапсырды."Біздің мақсатымыз – айқын. Халықтан ұрланған активтерді елге қайтарып, әділдік орнатуымыз керек. Қазір, ең бастысы, жұмысты тиімді ұйымдастыру қажет. Комиссия мүшелері осы міндетті абыроймен атқарады деп сенемін. Президент әкімшілігі барлық жұмысты бақылауда ұстайды", – деді мемлекет басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0a/25451906_93:0:656:422_1920x0_80_0_0_9389952a861b9fbc7db06e47d48043ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Халықтан ұрланған активтерді елге қайтарып, әділдік орнатуымыз керек – Тоқаев
14:26 10.06.2022 (жаңартылды: 14:35 10.06.2022) Мемлекет басшысы ведомствоаралық комиссияны белсенді әрі нәтижелі жұмыс істеуге шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы экономика саласын тәртіпке келтіріп, түсінікті әрі әділ ойын ережесін бекіту қажет деп санайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Қазақстанда экономикалық дамудың басты қағидаты табыстың әділ бөлінуі және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру болуға тиіс екенін атап өтті.
"Жуырда менің жарлығыммен экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы комиссия құрылды. Бұл комиссия заңсыз жылыстатылған қаражатты елге қайтарумен айналысады. Оның жұмысы ұдайы қоғам назарында болады. Халық бізден бос уәде емес, нақты нәтиже күтеді", – деді президент.
Мемлекет басшысы ведомствоаралық комиссияны белсенді әрі нәтижелі жұмыс істеуге шақырды.
"Комиссия жұмысының нәтижесі нақты әрі сапалы болуы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, басты мақсат сотқа берілген қылмыстық істердің саны емес, экономиканы нақты сауықтыру.
Президент комиссияның қызметі жөнінде жұртшылыққа жүйелі түрде хабар таратып отыруды тапсырды.
"Біздің мақсатымыз – айқын. Халықтан ұрланған активтерді елге қайтарып, әділдік орнатуымыз керек. Қазір, ең бастысы, жұмысты тиімді ұйымдастыру қажет. Комиссия мүшелері осы міндетті абыроймен атқарады деп сенемін. Президент әкімшілігі барлық жұмысты бақылауда ұстайды", – деді мемлекет басшысы.