https://sputnik.kz/20220610/tmd-elderi-yadrolyq-apat-25455406.html
ТМД елдері ядролық апат болған жағдайда өзара көмек көрсету туралы келісті
ТМД елдері ядролық апат болған жағдайда өзара көмек көрсету туралы келісті
Sputnik Қазақстан
Мұндай шешім ТМД экономикалық кеңесінің жабық отырысында қабылданды 10.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-10T16:37+0500
2022-06-10T16:37+0500
2023-08-09T12:40+0500
тмд
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0a/25453936_0:123:3205:1926_1920x0_80_0_0_fc6153ef24775a1fd277af80e738015e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдай туындаған кезде өзара көмек көрсету шараларын бекітті. ТМД елдерінің өкілдері ТМД экономикалық кеңесінің 94-ші отырысына қатысты. Талқыланған мәселелердің ауқымы ұйымға мүше елдерде ядролық апат болған жағдайдағы тәжірибелік шараларды да қамтыды. Бұл міндеттемелерді орындау 2018 жылдың 2 қарашасындағы ТМД елдері арасындағы ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдай кезінде дайындықты қамтамасыз ету және олардың салдарын жою бойынша өзара көмек көрсету жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімде қарастырылған. "Осы шараларды жүзеге асыру атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға байланысты ықтимал оқиғалар кезінде ТМД-ға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылының тиімділігі мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді", - деп толықтырды атқару комитеті. Ядролық апат болған жағдайда бірлескен жұмыс жүргізу оның салдарын барынша азайтуға мүмкіндік беретіні және "жалпы ТМД аумағындағы ядролық және радиациялық қауіпсіздік деңгейіне оң әсер ететіні" айтылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0a/25453936_237:0:2968:2048_1920x0_80_0_0_031f405efa2d5183c58ef3d3da0140fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тмд
ТМД елдері ядролық апат болған жағдайда өзара көмек көрсету туралы келісті
16:37 10.06.2022 (жаңартылды: 12:40 09.08.2023) Мұндай шешім ТМД экономикалық кеңесінің жабық отырысында қабылданды
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдай туындаған кезде өзара көмек көрсету шараларын бекітті.
ТМД елдерінің өкілдері ТМД экономикалық кеңесінің 94-ші отырысына қатысты. Талқыланған мәселелердің ауқымы ұйымға мүше елдерде ядролық апат болған жағдайдағы тәжірибелік шараларды да қамтыды.
"Экономикалық кеңес мүшелері ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдай, көмектің көлемі мен мазмұны туралы ақпараттандыру бойынша тәжірибелік шараларды мақұлдады", - деп хабарлады ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі.
Бұл міндеттемелерді орындау 2018 жылдың 2 қарашасындағы ТМД елдері арасындағы ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдай кезінде дайындықты қамтамасыз ету және олардың салдарын жою бойынша өзара көмек көрсету жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімде қарастырылған.
"Осы шараларды жүзеге асыру атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға байланысты ықтимал оқиғалар кезінде ТМД-ға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылының тиімділігі мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді", - деп толықтырды атқару комитеті.
Ядролық апат болған жағдайда бірлескен жұмыс жүргізу оның салдарын барынша азайтуға мүмкіндік беретіні және "жалпы ТМД аумағындағы ядролық және радиациялық қауіпсіздік деңгейіне оң әсер ететіні" айтылды.