Экономика

ТМД елдері инвестиция мәселелері бойынша жеделдетілген форматта келісім қабылдайды

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2022
Жазылу
Құжат ТМД елдеріндегі бизнесмендер мен кәсіпорындар үшін пайдалы құрал болады
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері инвестиция мәселелері жөніндегі келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
ТМД елдерінің өкілдері Нұр-Сұлтанда өткен ТМД экономикалық кеңесінің 94-ші отырысында аталған құжатқа қол қою туралы шешімді қабылдады.
"Біз бірлесіп әрекет ету және қолданыстағы құралдарды жүзеге асыру үшін бүгінде қажет шараларды талқыладық. Қолданыстағы құрал еркін сауда аймағы туралы келісім екені анық. Көрсетілетін қызметтер саудасы туралы келісім, инвестициялар мәселелері бойынша өзара әрекеттестік жобасы қосымша құрал болуы керек. Бұл жұмыс Достастықтың барлық елінде бірқалыпты жүргізіліп жатыр. Біз бұл құжатты қабылдауды барынша тездетеміз деп келістік", - деді Бақыт Сұлтанов отырыстан тыс сұхбат кезінде.
Оның айтуынша, құжат бірінші кезекте ТМД елдерінің экономикасы, кәсіпорындары, өнеркәсіптері мен бизнесмендері үшін маңызды.
"Дәстүрлі түрде экономикалық кеңес отырысында бірқатар маңызды мәселе қаралады. Олардың қатарында бүгінгі күні әлемде қалыптасқан күрделі жағдайға жедел ден қою шаралары да бар. Біз бұл туралы наурыз айында Мәскеуде айтқан болатынбыз. ТМД атқару комитеті сарапшыларының үйлесімді, тығыз жұмысының арқасында осы тізім дайындалды. Бүгін біз оны жүзеге асыру тетіктерін талқыладық, құжатты бірлесіп қабылдадық", - деді Сұлтанов.
ТМД экономикалық кеңесінің 94-ші отырысына Қазақстан премьер-министрінің орынбасарынан басқа Әзербайжан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов, Армения Республикасы премьер-министрінің орынбасары Мер Григорян, Беларусь Республикасы премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко, Қырғыз Республикасы министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Кожошев, Ресей Федерациясы үкімет төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Тәжікстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Давлатали Саид, Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары, Өзбекстан Республикасының экономикалық даму және кедейлікті қысқарту министрі Джамшид Кучкаров, Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджепов, ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.
Жаңалықтар
0