https://sputnik.kz/20220610/soltustik--ontustik-khalyqaralyq-kolik-dalizi-25448499.html
"Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі
"Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі
Sputnik Қазақстан
"Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі Қазақстан аумағынан басқа қай елдер арқылы өтетінін Sputnik Қазақстан инфографикасынан көріңіз 10.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-10T12:43+0500
2022-06-10T12:43+0500
2022-06-10T12:43+0500
инфографика
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/06/09/25437150_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_6cea08ea27860e7001116e9d3c22b0ec.png
"Солтүстік – Оңтүстік" дәлізі Балтық жағалауы елдерін Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран арқылы Үндістанмен байланыстыруы керек. Бұл мультимодальды бағдар, яғни жүк көліктің алуан түрімен, атап айтқанда, автомобиль, теміржол, теңіз арқылы жеткізіледі. Дәліз Суэц арнасы арқылы өтетін теңіз жолының баламасы болады деп күтілуде."Солтүстік – Оңтүстік" дәлізінің үш тармағын атап көрсетуге болады:"Солтүстік – Оңтүстік" дәлізінің көлік бағыттарын пайдалану жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, темір жол көлігі теңіз көлігіне қарағанда экологиялық таза болып саналады. "Солтүстік – Оңтүстік" дәлізі аясында контейнерлік тасымалдарды теңіз көлігінен теміржол көлігіне қайта бағыттау улы газдар бөлінуін кем дегенде 25%-ке азайтады, деп хабарлады ЕАДБ.Алайда дәліз жолы өтетін елдердегі теміржол жолтабандарының әртүрлі ені, Үндістан және Пәкістанмен заңнамалық базаның жоқтығы, Каспий теңізіндегі жоғары порт алымдары және жүк тасымалдау құнының салыстырмалы түрде қымбат болуы дәліздің толыққанды жұмыс істеуіне кедергі келтіріп тұр.Қазақстан үшін "Солтүстік – Оңтүстік" дәлізі Иран және Үндістанмен көлік-экономикалық байланыстарды дамытудағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады.Қазақстанның дәлізді дамытуға қатысуы Иран мен Қытай, Иранның Орал өңірлері, Сібір және Ресейдің Қиыр Шығыс аймақтарымен транзиттік жүк саудасының қосымша көлемін тартуға бағытталған.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/09/25437150_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_cdfcfa4a8b481d6a2c0015e03402192b.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, инфографика
"Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі
"Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі Қазақстан аумағынан басқа қай елдер арқылы өтетінін Sputnik Қазақстан инфографикасынан көріңіз
"Солтүстік – Оңтүстік" дәлізі Балтық жағалауы елдерін Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран арқылы Үндістанмен байланыстыруы керек. Бұл мультимодальды бағдар, яғни жүк көліктің алуан түрімен, атап айтқанда, автомобиль, теміржол, теңіз арқылы жеткізіледі. Дәліз Суэц арнасы арқылы өтетін теңіз жолының баламасы болады деп күтілуде.
"Солтүстік – Оңтүстік" дәлізінің үш тармағын атап көрсетуге болады:
Транскаспий – Каспий теңізі арқылы;
Батыс – Каспий теңізінің батыс жағалауы бойымен;
Шығыс – Каспий теңізінің шығыс жағалауы бойымен.
"Солтүстік – Оңтүстік" дәлізінің көлік бағыттарын пайдалану жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, темір жол көлігі теңіз көлігіне қарағанда экологиялық таза болып саналады. "Солтүстік – Оңтүстік" дәлізі аясында контейнерлік тасымалдарды теңіз көлігінен теміржол көлігіне қайта бағыттау улы газдар бөлінуін кем дегенде 25%-ке азайтады, деп хабарлады ЕАДБ.
Алайда дәліз жолы өтетін елдердегі теміржол жолтабандарының әртүрлі ені, Үндістан және Пәкістанмен заңнамалық базаның жоқтығы, Каспий теңізіндегі жоғары порт алымдары және жүк тасымалдау құнының салыстырмалы түрде қымбат болуы дәліздің толыққанды жұмыс істеуіне кедергі келтіріп тұр.
Қазақстан үшін "Солтүстік – Оңтүстік" дәлізі Иран және Үндістанмен көлік-экономикалық байланыстарды дамытудағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады.
Қазақстанның дәлізді дамытуға қатысуы Иран мен Қытай, Иранның Орал өңірлері, Сібір және Ресейдің Қиыр Шығыс аймақтарымен транзиттік жүк саудасының қосымша көлемін тартуға бағытталған.