https://sputnik.kz/20220610/qazfosfat-baga-monopoliya-25450391.html
"Қазфосфат" бағаны көтерді: монополияға қарсы орган тексеруді аяқтады
"Қазфосфат" бағаны көтерді: монополияға қарсы орган тексеруді аяқтады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Алматы қаласы мен Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы департаменттер "Қазфосфат" ЖШС-не қатысты тергеуді аяқтады. 10.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-10T13:35+0500
2022-06-10T13:35+0500
2023-08-10T16:58+0500
кәсіпорын
тергеу
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/16/15801836_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_fbad5a7e3a03dd1162415fd8c8efe25b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Алматы қаласы мен Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы департаменттер "Қазфосфат" ЖШС-не қатысты тергеуді аяқтады.Өткен жылдың қараша айында кәсіпорын аммофос бағасын 125 мың теңгеден 168 750 теңгеге дейін көтерген, жыл басымен салыстырғанда баға 35%-ке өскен. Сонымен қатар 2022 жылдың қаңтарында баға 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 48,5%-ке өсіп, 185 625 теңге болды.Тергеу нәтижесі бойынша "Қазфосфат" ЖШС-не қатысты материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру үшін Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне берілді. Материалдар қайтарылған жағдайда монополияға қарсы орган ұйғарымымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалады.Ал тергеу қорытындысы бойынша "Қазфосфат" ЖШС бағаны тоннасына 185 мың теңгеден 173 мың теңгеге дейін төмендеткен. Сонымен бірге компания ескі және жаңа баға арасында артық төлеген тұтынушылардың ақшасын аммофос түрінде қайтара бастады. Айырмашылықтың жалпы сомасы, компанияның мәліметінше, 2,8 млрд теңгені құрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/16/15801836_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_7d9ef34e3a465deeb52615a66baf0e55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәсіпорын, тергеу
"Қазфосфат" бағаны көтерді: монополияға қарсы орган тексеруді аяқтады
13:35 10.06.2022 (жаңартылды: 16:58 10.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Алматы қаласы мен Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы департаменттер "Қазфосфат" ЖШС-не қатысты тергеуді аяқтады.
Өткен жылдың қараша айында кәсіпорын аммофос бағасын 125 мың теңгеден 168 750 теңгеге дейін көтерген, жыл басымен салыстырғанда баға 35%-ке өскен. Сонымен қатар 2022 жылдың қаңтарында баға 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 48,5%-ке өсіп, 185 625 теңге болды.
Тергеу нәтижесі бойынша "Қазфосфат" ЖШС-не қатысты материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру үшін Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне берілді. Материалдар қайтарылған жағдайда монополияға қарсы орган ұйғарымымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалады.
Ал тергеу қорытындысы бойынша "Қазфосфат" ЖШС бағаны тоннасына 185 мың теңгеден 173 мың теңгеге дейін төмендеткен. Сонымен бірге компания ескі және жаңа баға арасында артық төлеген тұтынушылардың ақшасын аммофос түрінде қайтара бастады. Айырмашылықтың жалпы сомасы, компанияның мәліметінше, 2,8 млрд теңгені құрады.