https://sputnik.kz/20220610/qazaqstan-on-eki-onir-stels-omikron-25442401.html
Қазақстанның он екі өңірінде "стелс-омикрон" анықталды
Қазақстанның он екі өңірінде "стелс-омикрон" анықталды
Sputnik Қазақстан
Министрлік коронавирус штамы айналымына мониторингі жалғастырып жатыр 10.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-10T09:18+0500
2022-06-10T09:18+0500
2022-06-10T09:19+0500
денсаулық
коронавирус
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18628205_0:30:3071:1757_1920x0_80_0_0_d1dec9128d3f2de0fdb2560346df2e5d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстанның 12 өңірінде "стелс-омикрон" штамы анықталды.Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, биыл сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингі нәтижесі бойынша коронавирустың әртүрлі штамдары анықталды. Барлық өңірде BA.1 "омикрон" штамы – 98,6%, оның ішінде 12 өңірде BA.2 "стелс-омикрон" – 36,7%, B.1.617-Delta – 1,4% анықталды."ПТР скринингі нәтижелерін растау үшін толық геномды секвенирлеу жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша BA.2 "стелс-омикрон" штамының 93,8%-і (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары), BA.1 "омикрон" штамының 6,2%-і (Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) айналымы анықталды", - делінген хабарламада.Министрлік эппидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан, коронавирусқа қарсы вакцинациядан, ревакцинациядан өтуге кеңес береді.Айта кетері, қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 3 түрі бар (Pfizer, Синофарм және QazVac). Соның ішінде екеуін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған.
https://sputnik.kz/20220605/alem-maymyl-sheshegi-25298740.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18628205_340:0:3071:2048_1920x0_80_0_0_d4b1d2d34390ea892139dd87d03a4f59.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус
Қазақстанның он екі өңірінде "стелс-омикрон" анықталды
09:18 10.06.2022 (жаңартылды: 09:19 10.06.2022) Министрлік коронавирус штамы айналымына мониторингі жалғастырып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстанның 12 өңірінде "стелс-омикрон" штамы анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, биыл сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингі нәтижесі бойынша коронавирустың әртүрлі штамдары анықталды. Барлық өңірде BA.1 "омикрон" штамы – 98,6%, оның ішінде 12 өңірде BA.2 "стелс-омикрон" – 36,7%, B.1.617-Delta – 1,4% анықталды.
"ПТР скринингі нәтижелерін растау үшін толық геномды секвенирлеу жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша BA.2 "стелс-омикрон" штамының 93,8%-і (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары), BA.1 "омикрон" штамының 6,2%-і (Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) айналымы анықталды", - делінген хабарламада.
Министрлік эппидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан, коронавирусқа қарсы вакцинациядан, ревакцинациядан өтуге кеңес береді.
Айта кетері, қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 3 түрі бар (Pfizer, Синофарм және QazVac). Соның ішінде екеуін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған.