Қазақстандық екі боксшы әлемдік рейтингте жоғарылады

© Sputnik / Владислав ВодневТренировка сборной по боксу
Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Boxrec.com сайты таяуда АҚШ-та нокаутпен жеңіске жеткен қазақстандық боксшылар Бек Нұрмағанбет (7-0, 5 КО) пен Евгений Павловтың (7-0, 5 КО) бокс әлеміндегі рейтингісін қайта қарады, деп хабарлады Sports.kz сайты.
Нұрмағанбет кейінгі жекпе-жегінің екінші раундында АҚШ боксшысы Хейнелл Уилерді (7-2, 6 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін BoxRec-тің супер орта салмақтағы рейтингінде бес позицияға бірақ көтеріліп, 73-ші орыннан 68-ші орынға тұрақтады.
Ал екінші раундта мексикалық Алексис Салидоны (2-3, 1 КО) нокаутқа түсірген Павлов екінші жеңіл салмақтағы рейтингіде 62-ші орыннан 55-ге көтерілді.
Еске сала кетейік, екі боксшы да WBA International нұсқасы бойынша өз салмақтарында чемпион атанып отыр.
Жаңалықтар
0