https://sputnik.kz/20220610/qaragandy-oblysy-tyrysqaq-25447291.html
Қарағанды облысында тырысқақ тіркелген жоқ – министрлік
Қарағанды облысында тырысқақ тіркелген жоқ – министрлік
Sputnik Қазақстан
Мамыр мен қазан айлары аралығында апта сайын ашық су қоймаларынан сынама алынып, зерттеледі 10.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-10T11:14+0500
2022-06-10T11:14+0500
2022-06-10T11:14+0500
денсаулық
қарағанды облысы
https://sputnik.kz/img/25/83/258395_0:156:3087:1892_1920x0_80_0_0_5567511bf8a29a54c18fc06546f0cffb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желіде Қарағанды облысында тырысқақ ауруы тіркелгені туралы жалған ақпарат тарап жатқанын ескертті.Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қарағанды облысында тырысқақ тіркелгені, су қоймаларында тырысқақ вибрионы бөлінгені туралы ақпарат таралып жатыр. Тіпті, ауруханаға ескерту құжаттары да жіберілгені айтылған.Алайда санитариялық-эпидемиологиялық комитет бұл ақпарат жалған екенін мәлімдеді."Жезқазған қаласы бойынша тырысқақ ауруы тіркелген жоқ. "Тырысқақ таяқшалары" тырысқақ вибрионы тұрақты бақылауда. Мамырдан қазанға дейін апта сайын зертханалық зерттеу үшін ашық су қоймаларынан (Кеңгір су қоймасы, жағажайлар) сынама алынып, зерттеледі. Дүрбелеңге салынуға ешқандай себеп жоқ", - делінген хабарламада.Комитет жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жауапқа тартылатынын ескертті.Ішек этиологиясы инфекцияларын алдын алудың негізгі шаралары:
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/25/83/258395_177:0:2908:2048_1920x0_80_0_0_4d0f47ca067886bb77dc475c5478d697.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы
Қарағанды облысында тырысқақ тіркелген жоқ – министрлік
Мамыр мен қазан айлары аралығында апта сайын ашық су қоймаларынан сынама алынып, зерттеледі
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желіде Қарағанды облысында тырысқақ ауруы тіркелгені туралы жалған ақпарат тарап жатқанын ескертті.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қарағанды облысында тырысқақ тіркелгені, су қоймаларында тырысқақ вибрионы бөлінгені туралы ақпарат таралып жатыр. Тіпті, ауруханаға ескерту құжаттары да жіберілгені айтылған.
Алайда санитариялық-эпидемиологиялық комитет бұл ақпарат жалған екенін мәлімдеді.
"Жезқазған қаласы бойынша тырысқақ ауруы тіркелген жоқ. "Тырысқақ таяқшалары" тырысқақ вибрионы тұрақты бақылауда. Мамырдан қазанға дейін апта сайын зертханалық зерттеу үшін ашық су қоймаларынан (Кеңгір су қоймасы, жағажайлар) сынама алынып, зерттеледі. Дүрбелеңге салынуға ешқандай себеп жоқ", - делінген хабарламада.
Комитет жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жауапқа тартылатынын ескертті.
Ішек этиологиясы инфекцияларын алдын алудың негізгі шаралары:
тамақтану және тамақ дайындау алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды сабындап жуу;
көкөністі, жеміс-жидекті қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен жақсылап жуу;
кездейсоқ адамдардан азық-түлік сатып алмау;
тек рұқсат етілген жерлерде шомылу.