https://sputnik.kz/20220610/prezident-mazhilis-toragasyn-qabyldady-25458815.html
Президент мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент мәжіліс төрағасын қабылдады
Sputnik Қазақстан
Қошанов референдумның мән-маңызын түсіндіру науқаны барысында азаматтардан 20 мыңнан астам өтініш жинағанын айтты 10.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-10T17:39+0500
2022-06-10T17:39+0500
2022-06-10T17:48+0500
қасым-жомарт тоқаев
ерлан қошанов
https://sputnik.kz/img/1210/50/12105086_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_b36439b4765a52695bf400e23d0477cf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады.Мәжіліс спикері президентке конституциялық реформаларды одан әрі нақты жүзеге асыруға қатысты алдағы заң шығару жұмыстары жөнінде баяндады.Парламенттің төменгі палатасының төрағасы мемлекет басшысына мәжіліс депутаттары мен "AMANAT" партиясының мүшелері референдумның мән-маңызын түсіндіру науқаны барысында азаматтардан 20 мыңнан астам өтініш жинағанын айтты. Үкіметпен бірлесе отырып, қазақстандықтардың барлық ұсынысы мен көтерген мәселелері пысықталады және заң шығару жұмысы кезінде ескеріледі.Сонымен қатар Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясының 6 маусымда Ереванда өткен ҰҚШҰ парламенттік Ассамблеясы кеңесінің көшпелі отырысына қатысқаны жөнінде айтты.Аталған жиын барысында ҰҚШҰ парламенттік Ассамблеясы халықаралық бақылаушылар миссиясы жұмысының қорытындысы жарияланды және елімізде өткен референдум ұлттық заңнамаға толық сай келеді деп танылды.Сонымен қатар парламенттік Ассамблея халықаралық және аймақтық деңгейде қауіпсіздік мәселесін шешу үшін БҰҰ аясында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бітімгерлік әлеуетінің даму барысын талқылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1210/50/12105086_223:0:2000:1333_1920x0_80_0_0_8ae83ecdab78ff3cbba73a30548cade2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ерлан қошанов
қасым-жомарт тоқаев, ерлан қошанов
Президент мәжіліс төрағасын қабылдады
17:39 10.06.2022 (жаңартылды: 17:48 10.06.2022) Қошанов референдумның мән-маңызын түсіндіру науқаны барысында азаматтардан 20 мыңнан астам өтініш жинағанын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады.
Мәжіліс спикері президентке конституциялық реформаларды одан әрі нақты жүзеге асыруға қатысты алдағы заң шығару жұмыстары жөнінде баяндады.
Парламенттің төменгі палатасының төрағасы мемлекет басшысына мәжіліс депутаттары мен "AMANAT" партиясының мүшелері референдумның мән-маңызын түсіндіру науқаны барысында азаматтардан 20 мыңнан астам өтініш жинағанын айтты. Үкіметпен бірлесе отырып, қазақстандықтардың барлық ұсынысы мен көтерген мәселелері пысықталады және заң шығару жұмысы кезінде ескеріледі.
Сонымен қатар Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясының 6 маусымда Ереванда өткен ҰҚШҰ парламенттік Ассамблеясы кеңесінің көшпелі отырысына қатысқаны жөнінде айтты.
Аталған жиын барысында ҰҚШҰ парламенттік Ассамблеясы халықаралық бақылаушылар миссиясы жұмысының қорытындысы жарияланды және елімізде өткен референдум ұлттық заңнамаға толық сай келеді деп танылды.
Сонымен қатар парламенттік Ассамблея халықаралық және аймақтық деңгейде қауіпсіздік мәселесін шешу үшін БҰҰ аясында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бітімгерлік әлеуетінің даму барысын талқылады.