Президент "АрселорМиттал Теміртау" цехында болған апаттың себебін анықтауды тапсырды

© ИА "Новости-Казахстан", Асем МиржекееваОфис "АрселорМиттал Темиртау"
Офис АрселорМиттал Темиртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2022
Жазылу
Мемлекет басшысы қаза болғандардың отбасына көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
"АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының цехында болған апат салдарынан қазаға ұшыраған жұмысшылардың отбасылары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетуді тапсырдым", – деп жазылған мемлекет басшысының жеделхатында.
Жаңалықтар
0