Өңірлер

Маңғыстауда су ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды

© Sputnik / Меруерт АлимоваКөл
Көл - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2022
Жазылу
Шекарашылар құтқарылған ер адамды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Маңғыстауда су ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды.
9 маусымда Кендерліде ер адамды су ағысы жағалаудан 2 шақырымға алып кеткен. Ол судан өз бетінше шыға алмаған. Бұл туралы ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша шекара қызметі департаментінің БАҚ-пен байланысқа жауапты қызметкері Асхат Жанәліпов мәлімдеді.
Шекарашылар жауынгерлік қызметті өтеу барысында суға кеткен ер адамды құтқарды, деп жазды InAktau.kz.

"Жағалаудан қашықта жүзген соң, өз бетінше шыға алмай, суға кете бастаған. Су ағысы оны ірте-бірте жағалаудан алысқа әкетіп бара жатты. Біз оны бортқа көтеріп, көмек көрсеттік", - деді "Ақтау" шекара кемесінің командирі Айбол Қабиев.

Алғашқы көмек көрсеткен соң, шекарашылар құтқарылған ер адамды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне тапсырды.
Каспий - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2022
Өңірлер
TikTok түсірмек болған жігіт Каспийге батып кетті - соңғы видеосы жарияланды
Жаңалықтар
0