https://sputnik.kz/20220610/magistratura-testileu-otinish-25451383.html
Магистратураға түсу үшін өтініш қабылдау басталды
Магистратураға түсу үшін өтініш қабылдау басталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау басталды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің... 10.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-10T14:10+0500
2022-06-10T14:10+0500
2022-06-10T14:10+0500
магистратура
тест
https://sputnik.kz/img/829/06/8290634_0:0:2957:1663_1920x0_80_0_0_3a7c4280651ce001a3cca3ac3becf14b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау басталды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.Тіркеу БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2022 жылдың 15 шілдесіне дейін жүргізіледі.Ал кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.Кешенді тестілеу электронды форматта өткізіледі және үш бөліктен тұрады:Оған 4 сағат беріледі.Шет тілін білу деңгейін растайтын халықаралық сертификаттары болса, үміткерлер шет тілінен тест тапсырудан босатылады.Талапкерлерге магистратураға түсу үшін білім беру бағыттарының сәйкестігін анықтау бойынша нұсқаулықтар енгізілді. Бұл білім беру бағдарламаларының сабақтастығын, үздіксіздігін сақтау және бакалавриат мамандарын даярлау сапасын арттыру үшін қажет. Сондықтан белгілі бір білім беру бағдарламасына құжаттарды тапсырар алдында талапкерлер университеттің қабылдау комиссиясымен кешенді тестілеудің форматы және таңдалған білім беру бағдарламасы тобының талапкер алған мамандыққа сәйкестігі туралы кеңесуі қажет. Кеңесті университеттің виртуалды қабылдау комиссиясынан да алуға болады.Биыл ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, мамандандырылған магистратураға түсу үшін – 50 балл.Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда, үміткерлер тестілеуден өткеннен кейін онлайн апелляцияға бере алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/829/06/8290634_226:0:2957:2048_1920x0_80_0_0_d15acf1a74b7c65793db3450689b16ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
магистратура, тест
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау басталды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Тіркеу БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2022 жылдың 15 шілдесіне дейін жүргізіледі.
"Үміткерлер білім беру бағдарламалары тобы, үміткерлердің тестілеуді өткізу тілі мен орнына өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін өзгерістер енгізе алады. Тестілеу күні туралы ақпарат үміткердің жеке кабинетінде қолжетімді болады", - деп түсіндірді ведомство.
Ал кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.
Кешенді тестілеу электронды форматта өткізіледі және үш бөліктен тұрады:
оқуға дайындықты анықтау;
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.
Шет тілін білу деңгейін растайтын халықаралық сертификаттары болса, үміткерлер шет тілінен тест тапсырудан босатылады.
Талапкерлерге магистратураға түсу үшін білім беру бағыттарының сәйкестігін анықтау бойынша нұсқаулықтар енгізілді. Бұл білім беру бағдарламаларының сабақтастығын, үздіксіздігін сақтау және бакалавриат мамандарын даярлау сапасын арттыру үшін қажет. Сондықтан белгілі бір білім беру бағдарламасына құжаттарды тапсырар алдында талапкерлер университеттің қабылдау комиссиясымен кешенді тестілеудің форматы және таңдалған білім беру бағдарламасы тобының талапкер алған мамандыққа сәйкестігі туралы кеңесуі қажет. Кеңесті университеттің виртуалды қабылдау комиссиясынан да алуға болады.
Биыл ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, мамандандырылған магистратураға түсу үшін – 50 балл.
Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда, үміткерлер тестілеуден өткеннен кейін онлайн апелляцияға бере алады.