https://sputnik.kz/20220610/galymdar-allergiya-psikhikalyq-buzylular-25443635.html
Ғалымдар аллергия мен психикалық ауытқулар арасындағы байланысты тапты
Ғалымдар аллергия мен психикалық ауытқулар арасындағы байланысты тапты
Sputnik Қазақстан
Бұл аллергиялық немесе психикалық ауруларды емдеудің жаңа стратегияларын құруға көмектесуі мүмкін 10.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-10T09:54+0500
2022-06-10T09:54+0500
2022-06-10T10:03+0500
денсаулық
ғалымдар
аллергия
https://sputnik.kz/img/1084/66/10846643_0:88:1971:1197_1920x0_80_0_0_b733fac354b64c8edab636da74862778.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Британ ғалымдары Ұлыбритания биобанкінің деректерін талдай отырып, аллергия көріністері көбінесе күйзеліс немесе биполярлық бұзылыс сияқты психикалық ауытқулармен бірге жүреді деген ғылыми пікірді растады.Дегенмен, мендельдік рандомизация әдісімен алынған генетикалық талдау нәтижелерін математикалық өңдеу аурудың осы екі тобының арасындағы себептік байланысты анықтаған жоқ, деп жазады РИА Новости британ аллергия және клиникалық иммунология қоғамының Clinical and Experimental Allergy журналындағы мақалаға сілтеме жасай отырып.Алдыңғы зерттеулердің нәтижелері психикалық денсаулық пен демікпе, атопиялық дерматит және піштен безгегі сияқты кең таралған аллергиялық аурулардың арасындағы байланысты көрсетті. Бірақ бұл байланыстың сипаты түсініксіз күйде қалды. Сонымен қатар, кейбір ғалымдар аллергиялық ауруы бар адамдар әдетте күйзеліске ұшырауға, мазасыздыққа, биполярлық бұзылыс дертіне және жүйке ауруына шалдығуға бейім екенін атап өтті. Бірақ бұл психикалық аурулар аллергиядан туындайды дегенді немесе мүлдем байланысы жоқ дегенді білдірмейді. Аурулардың екі тобының сипатын тәуелсіз талдау үшін Бристоль және Эдинбург университеттерінің зерттеушілері UK Biobank биобанкіндегі науқастардың деректерін өңдеу үшін мендельдік рандомизация әдісін қолданды. Бұл оларға нақты аллергиялық ауруларды анықтайтын генетикалық нұсқаларды анықтауға, содан кейін психикалық денсаулықтағы ақаулармен байланысын тексеруге мүмкіндік берді. Аллергиялық аурулар мен психикалық денсаулық сипаттамалары арасында тұрақты байланыстар бар екені белгілі болды. Бұл аллергиялық немесе психикалық ауруларды емдеудің жаңа стратегияларын құруға көмектесуі мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1084/66/10846643_183:0:1935:1314_1920x0_80_0_0_711e4bd94dfb82a1376c56d00742073a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ғалымдар, аллергия
Ғалымдар аллергия мен психикалық ауытқулар арасындағы байланысты тапты
09:54 10.06.2022 (жаңартылды: 10:03 10.06.2022) Бұл аллергиялық немесе психикалық ауруларды емдеудің жаңа стратегияларын құруға көмектесуі мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Британ ғалымдары Ұлыбритания биобанкінің деректерін талдай отырып, аллергия көріністері көбінесе күйзеліс немесе биполярлық бұзылыс сияқты психикалық ауытқулармен бірге жүреді деген ғылыми пікірді растады.
Дегенмен, мендельдік рандомизация әдісімен алынған генетикалық талдау нәтижелерін математикалық өңдеу аурудың осы екі тобының арасындағы себептік байланысты анықтаған жоқ, деп жазады
РИА Новости британ аллергия және клиникалық иммунология қоғамының Clinical and Experimental Allergy журналындағы мақалаға сілтеме жасай отырып.
Алдыңғы зерттеулердің нәтижелері психикалық денсаулық пен демікпе, атопиялық дерматит және піштен безгегі сияқты кең таралған аллергиялық аурулардың арасындағы байланысты көрсетті. Бірақ бұл байланыстың сипаты түсініксіз күйде қалды. Сонымен қатар, кейбір ғалымдар аллергиялық ауруы бар адамдар әдетте күйзеліске ұшырауға, мазасыздыққа, биполярлық бұзылыс дертіне және жүйке ауруына шалдығуға бейім екенін атап өтті. Бірақ бұл психикалық аурулар аллергиядан туындайды дегенді немесе мүлдем байланысы жоқ дегенді білдірмейді.
Аурулардың екі тобының сипатын тәуелсіз талдау үшін Бристоль және Эдинбург университеттерінің зерттеушілері UK Biobank биобанкіндегі науқастардың деректерін өңдеу үшін мендельдік рандомизация әдісін қолданды. Бұл оларға нақты аллергиялық ауруларды анықтайтын генетикалық нұсқаларды анықтауға, содан кейін психикалық денсаулықтағы ақаулармен байланысын тексеруге мүмкіндік берді.
Аллергиялық аурулар мен психикалық денсаулық сипаттамалары арасында тұрақты байланыстар бар екені белгілі болды.
"Біз аллергиялық аурудың фенотипі мен депрессия, мазасыздық, биполярлық бұзылыс және невротизм арасындағы байланыстың анық дәлелдерін таптық. Осы секілді байланыстар демікпе, атопиялық дерматит, піштен безгегі және психикалық денсаулық фенотиптері арасында да табылды. Бірақ екі бағытта да кез келген себеп-салдар байланысының дәлелі жоқтың қасы", - деп жазады мақала авторлары.
Бұл аллергиялық немесе психикалық ауруларды емдеудің жаңа стратегияларын құруға көмектесуі мүмкін.