Бір жыл ішінде электр энергиясы тарифі шамамен 9 процентке өсті

© Photo : Pixabay / David MarkЛиния электропередачи
Линия электропередачи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында 40 млрд кВт\сағ электр энергиясы өндірілді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ке аз. Бұған дейін тиісті кезеңдегі секторда екі жыл бойы өсім байқалды, деп хабарлады Energyprom.kz сайты.
Өңірлер тұрғысынан Қазақтанның 42,6%-і немесе өндірілген энергияның 17 млрд кВт\сағаты Павлодар облысына тиесілі. Одан бөлек Қарағанды (4,8 млрд кВт\сағ), Шығыс Қазақстан (3,1 млрд кВт\сағ) және Атырау (2,8 млрд кВт\сағ) облыстарының тұрғындары энергияны көп тұтынды.
"Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы осы жылдың қаңтар-наурыз айларында 30,7 млрд кВт\сағ электр энергия өндірілгенін хабарлады. Бұл 2021 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 0,2%-ке артық. Электр энергиясының едәуір бөлігі дәстүрлі түрде жылу және газтурбиналық электр станцияларында өндірілді, яғни көрсеткіш бір жыл бұрынғыдай 28,1 млрд кВт\сағ. Су электр станцияларында электр энергиясын өндіру 1,8 млрд кВт\сағ құрап, 4,8%-ке қысқарды, ал жаңартылған энергия көздері объектілерінің көрсеткіштері бірден 20,6%-ке, 836,4 млн кВт\сағ дейін өсті", – делінген ведомство мәліметінде.
Айта кетері, электр энергиясын тұтыну бір жылда 1,3%-ке өсті және 2022 жылғы қаңтар-наурызда 30,4 млрд кВт\сағ құрады.
Халық үшін электр энергиясының бағасы үшінші жыл қатарынан өсіп келеді. Осы жылдың мамырына қарай баға бірден 8,7%-ке өсті.
Электр плиталарын пайдаланатын халық үшін тариф тұтыну көлеміне байланысты 2022 жылғы мамырда 100 кВт\сағ үшін 1-деңгейде – 1456 теңгені, 2-деңгейде – 1891 теңгені 3-деңгейде – 2354 теңгені құрады. Электр плиталарын пайдаланбайтын тұрғындар үшін тариф тиісінше 100 кВт\сағ үшін тиісінше 1479 теңге, 1907 теңге және 2376 теңге.
Жаңалықтар
0