Оқиға

Ақмола облысында өртенген үйден 80 жастағы қарияның денесі табылды

Пожарная машина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2022
Жазылу
Сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Көкшетаудың 80 жастағы тұрғыны өрт кезінде көз жұмды, деп хабарлады Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт Әбілқасымов көшесіндегі жеке тұрғын үйден шыққан. Оқиға бүгін, 10 маусым күні, түскі он екілер шамасында болды.
"Өртті сөндіру барысында 1942 жылы туған зейнеткердің денесі табылды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.
Өрт сағат 13-18-де сөндірілді. Оның жалпы аумағы 135 шаршы метрді құрады.
Жаңалықтар
0