Америкаға көшкен Шардара тумасы: үй алып жатқан қазақтар өте көп

© Photo : Жұлдызай Исмайылованың жеке архивінен алындыЖұлдызай Ысмайылова
Жұлдызай Ысмайылова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Қырғыз ағайын түсірген "Салам, Нью-Йорк" киносын көрмеген жан жоқ шығар. Фильмдегі басты кейіпкер – Батыр мұхит асып, Нью-Йоркке арман қуып, білім жетілдіруге келеді. Алайда ол көше кезбелеріне кезігіп, қаржысы қолды болып, бір сәтте ақшасыз қалып, сан соғып қалады. Соған қарамастан, бейтаныс ортада еңсесін түсірмей, ебін тауып жұмыс іздейді. Жалданып жұмыс істеп, тіл сындырады, тіл үйренеді. Ағылшын тілін меңгермеген жас жігіттің басынан кешкен оқиғалары көп жанға "мотивация" болары анық. Міне, осылайша арман қуып, білім іздеп, шетел асып, нәпақасын табуға АҚШ-қа аттанып жатқан қазақтар қаншама?! Өзіне магниттей тартатын Американың не құдыреті бар? Ондағы жалақы мөлшері қандай? Міне, осы сұрақтарға Sputnik Қазақстан тілшісі жауап іздеп көрді.
© Photo : Жұлдызай Исмайылованың жеке архивінен алындыЖұлдызай Ысмайылова
Жұлдызай Исмайылова - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2022
Жұлдызай Ысмайылова
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының тумасы Жұлдызай Исмайылова үш жылдан бері АҚШ-тың Филадельфия қаласында тұрып, нәпақасын тауып жүр. Мұнда ол ел көріп, жер тану мақсатында келген. Аз-кем болсын мұхиттың ар жағында жұмыс істеуден тәжірибесі бар Жұлдызай Ысмайылова АҚШ-қа тұрақты көшудің ең жылдам тәсілдерінің бірі - америкалық компанияда жұмысқа орналасу дейді. Сол елде жұмыс істеу құқығы болуы керек. Алайда ол жақта жұмыс визасын алудың өзіндік қиындығы бар көрінеді.
"Америкаға 2019 жылы көктемде келдім. Сол уақыттан бері Филадельфия қаласындамын. Келгелі әртүрлі жерде жұмыс істедім. Өзімнің кәсібімді бастадым. Бұл жаққа келгенімде кей құжаттарым дұрыс болмады. Сол себептен соларды реттегенше, қандай жұмыс шықты, соны істедім. "Қазіргі уақытта ауыр жүк көлігін айдаушы" мамандығын оқып жатырмын", - дейді ол.
Бұл жақта жұмыс істеу үшін ең алдымен тіл білген жақсы, дейді ол. Қандай жұмыс болмасын, айтқаныңды түсіндіре алатындай деңгейің болғаны дұрыс.
© Photo : Жұлдызай Исмайылованың жеке архивінен алындыЖұлдызай Ысмайылова
Жұлдызай Исмайылова - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2022
Жұлдызай Ысмайылова
"Қазақстанда жүргенде "Tengizchevroil" компаниясында жұмыс істедім. Америкалық компания болғандықтан, маған виза алу оңай болды. Одан бөлек ЭКСПО-да жүрдім. Содан қызығып, Америкаға кетіп, жұмыс істеуге ойланбастан шешім қабылдадым. Жұмыс таңдамадым. Өйткені бұл жақта кез келген жұмыстың айлығы жоғары", - деген ол Америкаға келгенінде тез үйреніп кеткенін айтты.
Алдын ала мұхиттың ар жағында тұратын танысына хабарласып, барлығын зерттеген. Танысымен келісіп, Америкаға көшетінін айтқан. Елге келгенінде танысы пәтер тауып, жұмысқа орналасу жағынан көмектескен екен.
"Келгенде мені мұнда танысым күтіп алды. Соның арқасында үй іздеу және жұмысқа орналасу жағынан мәселе туындамады. Барлығы оңай әрі тез жүзеге асты. Өзі жұмыс істейтін laundromat-қа орналастырды. Яғни, киімдерді химиялық тазалаумен айналысатын жер. Келгеннен кейін шамаман 5 күн ішінде Нью-Йоркта өзім жалғыз жүре бердім. Телефон бар, Google maps бар, адаспай, керегіңді тауып жүре бересің", - дейді Жұлдызай.
Айтуынша, алғаш жұмысқа орналасқанда тұратын ауданы қауіпті болған. Соған қарамастан сол жерде жұмыс істеп, атыстың арасында қалған жағдайлар болды. Үстелдің астына кіріп тығылған кездерді күле еске аламын. Ол кезде мен үшін барлығы қызық, барлығы таңсық дүние ғой. Адасқан кездеріміз қаншама... Нью-Йорк өзі бес аралға бөлінеді ғой. Солай бір аралдан екінші аралға кетіп қалған кездеріміз болды", - деді ол.
© Photo : Жұлдызай Исмайылованың жеке архивінен алындыЖұлдызай Ысмайылова
Жұлдызай Исмайылова - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2022
Жұлдызай Ысмайылова
"Қазір әлеуметтік желіде Америкада жүрген қазақтардың көбісі белсенді. Блогер ретінде жеке парақшасын дамытып жүр. Міндетті түрде көмектеседі, кез келген сұраққа жауап береді. Тіпті визасын алып, рәсімдеуге көмектеседі. Филадельфия қаласында тұратын қазақтар өзіміздің Kazakh-American Association деген бірлестігімізді аштық. Бірлестіктің де әлеуметтік парақшасына жазса болады", - деді Жұлдызай.
Ол алғаш келгенде химиялық тазалау компанияда жұмыс істеп, тәжірибе жинақтады. Кейін клининг компаниясын ашқан.
© Photo : Жұлдызай Исмайылованың жеке архивінен алындыЖұлдызай Ысмайылова
Жұлдызай Исмайылова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2022
Жұлдызай Ысмайылова
Бұл туралы Жұлдызай: "Мұнда келгенде мүмкіндіктің көп екеніне көз жеткіздім. Кез келген нәрсеге оңай, тез қол жеткізуіңе болады. Бұған дейін бизнес ашу деген ойыма кіріп шықпаған еді. Келгенде клинингтен адам ақша жақсы табады дегенді естіп, өзім клининг компаниясында жұмыс істедім. Содан кейін өзімнің клининг компаниямды аштым, қол астымда 2-3 қыз жұмыс істеді. Күніне 500 доллар ақша табатынмын", – деді.
Айтуынша, қазіргі кезде track driver, яғни "дальнобойщик" оқуын оқып жатыр. Бұл жұмыста күніне 500 доллардан 2-3 есе көп ақша табуға болатын көрінеді.
Сонымен қатар кейіпкеріміз Филадельфия қаласында Америкада туған қазақ балаларына арнап тіл меңгеру курсын ашты. Ашылғанына 2-3 ай енді ғана болған мектепте америкалық қазақ балалары тіл, домбыра өнерін үйренеді.

"Қазіргі уақытта домбыраны ғана жақсы үйретіп жатырмыз. Өйткені балалар домбырада ойнауды жеңіл үйреніп кетуде. Ал тіл үйренуге келгенде сәл қиындау болып тұр. Мұның бірден бір себебі – бізде тіл үйретуге бағытталған әлі дұрыс бағдарлама жоқ. Яғни Америкада туған, осында өскен балаларға қазақ тілін жеңіл әрі тез қалай үйретуге болатынын енді зерттеп жатырмыз. Өйткені олар қазақша мүлдем түсінбейді. Орысша және ағылшынша түсінеді. Сондықтан біз сабақ берудің оңай әрі жеңіл әдісін дайындап жатырмыз. Еңбектің нәтижесін уақыт көрсетеді", - дейді ол.

Сонымен кейіпкеріміз АҚШ-та қалай жұмыс істеуге болатынын бөлісті. Америкаға жұмысқа бару үшін сізде америкалық жұмыс берушінің шақыруы болуы керек. Бұл жағдайда іс қағаздарымен байланысты негізгі қиындықтар шақырушы тараптың, яғни болашақ америкалық бастықтың мойнына түседі. H-18 жұмыс визасы шетелдік азаматқа АҚШ-та тұруға және кез келген кәсіби салада заңды түрде жұмыс істеуге құқық береді. Ереже бойынша, бұл виза бірден 3 жыл мерзімге беріледі, оның барысында шетелдік АҚШ-қа бірнеше рет емін-еркін кіре алады.
Үш жылдан кейін, егер өтініш берушінің ресми жұмысы болса, визаны 6 жылға дейін ұзартуға болады. Жұмыс визасын алу үшін болашақ жұмыс берушінің жеке немесе заңды тұлға екені маңызды емес. Шақыру компаниядан да, сізді жұмысқа қабылдауға дайын жеке адамнан да келуі мүмкін. Виза алу үшін сіздің біліктілігіңізді растайтын кәсіби сертификаттар қажет.
© Photo : Жұлдызай Исмайылованың жеке архивінен алындыЖұлдызай Ысмайылова
Жұлдызай Исмайылова - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2022
Жұлдызай Ысмайылова
Жұмыс визасын алу процесі қатарынан екі кезеңде жүреді. Біріншіден, болашақ жұмыс беруші федералды еңбек департаментіне құжаттар пакетін ұсынады. Одан кейін сізді жалдауға дайын екені және берілген еңбек аймағындағылармен салыстырмалы жалақы төлеуге келісетіні туралы қорытынды шығады. Сонымен қатар, құжаттар оның компаниясына шетелдік маман шақыру қажеттілігін дәлелдейді. Бөлім ұсынған құжаттарды мақұлдағаннан кейін болашақ қызметкер виза алу үшін өзінің тұрғылықты елінде орналасқан америкалық консулдыққа жүгінуі керек.
Кейбір жағдайда жұмыс визасын АҚШ-та болған кезде де алуға болады. Ол үшін өзіңіздің кәсіби біліктілігіңізді және білім деңгейіңізді растайтын бірдей ақпарат пен сол құжаттарды ұсынуыңыз керек.
Жұлдызай екі ел менталитетіне қатысты да өз ойын білдірді. Оның айтуынша, екі елдің мәдениеті екі түрлі әлем. Қазақстанда халық көп жағдайда ашуланып жүреді. Ал Америкада әрбір адамның бетіне қарап қалсаң, міндетті түрде күліп, амандасып, танысыңдай сөйлесе кетеді екен. Алғаш келгенінде тез дайындалатын әрі қолжетімді фастфудқа қызыққан екен. Бірақ пайдасынан зияны көп екенін әрі артық салмақ тез қосатын болғандықтан, үйде тамақ дайындауға көшкен. Қазақстанда үйренген тағамдарын жасап жеуге тырысады. Күнделікті ас мәзіріне көкөністер, жеміс-жидектерді қосқан.
Әңгіме барысында күнкөріс деңгейі, пәтер жалдау құнына да тоқталды. Одан бөлек Америкада тұратын қазақтар жиі бас қосып тұратынын айтты. Міндетті түрде мерекеде жиналады екен. Сенбі-жексенбі күндерін де қалт жібермейді. Айта кетері, олар жиналған уақытта қазақ тілінде сөйлейді.
"Қазір Филадельфия қаласында бір бөлмелі пәтерді жалдау құны – айына 1000 доллар. Егер сіз Нью-Йоркта немесе Филадельфияда бір бөлмелі пәтерді жалғыз емес, біреулермен қосылып жалдайтын болсаңыз, сәл арзаныраққа түседі. Пәтерді сатып алу жағына келетін болсақ, бұл жақта міндетті түрде кредит тарихын қарайды. Және соушл (social) әрі құжаттарыңыз толық болуы керек. Егер жұмыс істеп, кредит тарихыңыз жақсы болса, бұл жақта үй алу қатты қиын емес. Бүгінге дейін 4-5 процент болған, қазір 7-8 процентке дейін өсіп жатыр үй алу бағасы. Үй алып жатқан қазақтар өте көп", - дейді Жұлдызай Ысмайылова.
Жаңалықтар
0