https://sputnik.kz/20220610/almaty-zhanturshigerlik-zhol-apaty-25447180.html
Алматыдан шығаберісте жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
Алматыдан шығаберісте жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
Sputnik Қазақстан
Көлік жүргізушілердің бірі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетуінен екі шетелдік көлік соқтығысты 10.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-10T11:12+0500
2022-06-10T11:12+0500
2023-08-10T11:58+0500
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0a/25443209_0:151:1600:1051_1920x0_80_0_0_1317d4acbade965ba495ffabdc4dbe91.jpg
АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Алматы полицейлері ірі жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Үш адам қаза тауып, тағы біреуі аса ауыр жағдайда ауруханаға түсті.Оқиға 10 маусым күні таңғы уақытта Құлжа тасжолы бойында болды. Бұқтырма көшесі мен Гүлдала ауылының арасында екі шетелдік көлік соқтығысты.Куәгерлердің айтуынша, 5-сериялы BMW автокөлігінің жүргізушісі Құлжа тасжолымен қалаға қарай келе жатқан. Бұқтырма көшесіне жетпей, "Тимур" автожанармай құю станциясына қарсы бетте белгісіз себептермен көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып, бар жылдамдықпен Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.Соққының қатты болғаны соншалық, көлік ішінде болған адамдар жол жиегіне ұшып түскен. Көліктер болса темір үйіндісіне айналды.Жантүршігерлік жол апатынан жедел жәрдем келгенге дейін үш адам қаза тапты. Яғни, екі көліктің жүргізуші және Mercedes автокөлігінде отырған жолаушы. Көлік ішінде болған 15 жастағы жасөспірім аман қалды, бірақ әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға түсті.Қазіргі уақытта үш адамның өмірін қиған апат бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аясында бірқатар сараптама тағайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0a/25443209_0:0:1600:1200_1920x0_80_0_0_766573ab85ac4603c63a598527540862.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты
Алматыдан шығаберісте жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
11:12 10.06.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) Көлік жүргізушілердің бірі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетуінен екі шетелдік көлік соқтығысты
АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Алматы полицейлері ірі жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Үш адам қаза тауып, тағы біреуі аса ауыр жағдайда ауруханаға түсті.
Оқиға 10 маусым күні таңғы уақытта Құлжа тасжолы бойында болды. Бұқтырма көшесі мен Гүлдала ауылының арасында екі шетелдік көлік соқтығысты.
Куәгерлердің айтуынша, 5-сериялы BMW автокөлігінің жүргізушісі Құлжа тасжолымен қалаға қарай келе жатқан. Бұқтырма көшесіне жетпей, "Тимур" автожанармай құю станциясына қарсы бетте белгісіз себептермен көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып, бар жылдамдықпен Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.
Соққының қатты болғаны соншалық, көлік ішінде болған адамдар жол жиегіне ұшып түскен. Көліктер болса темір үйіндісіне айналды.
Жантүршігерлік жол апатынан жедел жәрдем келгенге дейін үш адам қаза тапты. Яғни, екі көліктің жүргізуші және Mercedes автокөлігінде отырған жолаушы. Көлік ішінде болған 15 жастағы жасөспірім аман қалды, бірақ әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға түсті.
Қазіргі уақытта үш адамның өмірін қиған апат бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аясында бірқатар сараптама тағайындалды.