Кадрлық ауыс-түйіс

Қаңтардағы оқиғалардан кейін елде бірқатар ауыс-түйіс жасалды. Толығырақ Sputnik материалдарынан оқи аласыздар. 

Тоқаев ҰҚК төрағасының орынбасарын тағайындады

© Photo : Facebook / Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіЗначок комитета национальной безопасности Казахстана на лацкане пиджака
Значок комитета национальной безопасности Казахстана на лацкане пиджака  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2022
Жазылу
Ол ұзақ уақыт бойы салық органдарында жұмыс істеген
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
© Комитет государственных доходов министерства финансов КазахстанаҰлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Әли Алтынбаев
Али Алтынбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2022
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Әли Алтынбаев
Бұған дейін Әли Алтынбаев ұзақ уақыт бойы салық органдарында жұмыс істеген.

Төраға орынбасарының өмірбаяны

Әли Алтынбаев 1979 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Бақбақты ауылында дүниеге келген.
Білімі - жоғары. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша, 2015 жылы "Тұран" университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша және 2019 жылы Ресей президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік басқару академиясын "мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша салық комитетінің жанама салықтар бөлімінің салық инспекторының міндетін атқарушы қызметінен бастады.
Салық департаменттері, мемлекеттік кіріс департаменттері, экономикалық тергеу департаменттерінде түрлі лауазымда болған.
Бұған дейінгі соңғы қызметі - 2021 жылдың 13 мамырынан 2022 жылдың маусымына дейін Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.
Сондай-ақ, Ақорда сайтында мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалғаны туралы ақпарат шықты. Бұған дейін бұл қызметті Нұрлан Қапанұлы Алдияров атқарған.
Жаңалықтар
0