https://sputnik.kz/20220609/toqaev-energetika-salasy-25434011.html
Президент энергетика саласын жаңғырту Қазақстан үшін неге маңызды екенін айтты
Президент энергетика саласын жаңғырту Қазақстан үшін неге маңызды екенін айтты
Sputnik Қазақстан
Президенттің айтуынша, бүгінде Қазақстанда парниктік газдар шығарындыларының 80%-і қазба отыннан алынатын энергияны өндірумен байланысты 09.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-09T16:27+0500
2022-06-09T16:27+0500
2022-06-09T16:29+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/09/18866337_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_2f79c1d248d35edfbf1d6002bef59059.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің климатына теріс әсер етіп отырған факторларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Тоқаев президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі отырысы экономиканы көміртексіздендіру және төмен көміртекті технологиялар енгізу тақырыбына арналғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, бүгінде Қазақстанда парниктік газдар шығарындыларының 80%-і қазба отыннан алынатын энергияны өндірумен байланысты. "Бұл елдің климатына теріс әсер етіп отырған негізгі фактор. Сол себепті біз үшін энергетика саласын жаңғырту айқындаушы маңызға ие", - деді мемлекет басшысы. Тоқаевтың айтуынша, энергетикалық тәуелсіздікке ұмтылыс бірқатар елді көмір шахталарын тоқтатып, көмір электр стансаларының жұмысын жандандыруға итермелейді. "Нәтижесінде біз кейбір елдерде көміртексіздендіру саясаты энергетикалық қуіпсіздікті қамтамасыз ету саясатымен айқын қарама-қайшылыққа түскенін көріп отырмыз", - деді ол. Президент шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына жиналған қонақтардан осы мәселеге қатысты нақты ұсыныстар күтетінін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/09/18866337_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_fd9bb214e4bf92b20c98eb7c478cf7fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Президент энергетика саласын жаңғырту Қазақстан үшін неге маңызды екенін айтты
16:27 09.06.2022 (жаңартылды: 16:29 09.06.2022) Президенттің айтуынша, бүгінде Қазақстанда парниктік газдар шығарындыларының 80%-і қазба отыннан алынатын энергияны өндірумен байланысты
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің климатына теріс әсер етіп отырған факторларды атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі отырысы экономиканы көміртексіздендіру және төмен көміртекті технологиялар енгізу тақырыбына арналғанын атап өтті.
"Бұл мәселе бүгінде өте өзекті. Климаттық өзгерістер қазірдің өзінде сезіліп отыр, дәлірек айтқанда бүкіл әлемде ауа температурасының жоғарылағаны байқалады. Сарапшылардың болжамы көңіл көншітпейді. Бидай түсімі төмендеп, су ресурстары қолжетімсіз болады деген қауіп-қатер бар. Мұның бәрі шұғыл жүйелі шараларды қолға алуды талап етеді", - деді Тоқаев инвесторлар кеңесінің пленарлы отырысында.
Президенттің айтуынша, бүгінде Қазақстанда парниктік газдар шығарындыларының 80%-і қазба отыннан алынатын энергияны өндірумен байланысты.
"Бұл елдің климатына теріс әсер етіп отырған негізгі фактор. Сол себепті біз үшін энергетика саласын жаңғырту айқындаушы маңызға ие", - деді мемлекет басшысы.
Тоқаевтың айтуынша, энергетикалық тәуелсіздікке ұмтылыс бірқатар елді көмір шахталарын тоқтатып, көмір электр стансаларының жұмысын жандандыруға итермелейді.
"Нәтижесінде біз кейбір елдерде көміртексіздендіру саясаты энергетикалық қуіпсіздікті қамтамасыз ету саясатымен айқын қарама-қайшылыққа түскенін көріп отырмыз", - деді ол.
Президент шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына жиналған қонақтардан осы мәселеге қатысты нақты ұсыныстар күтетінін айтты.