https://sputnik.kz/20220609/taraz-kirpish-zhumysshy-25424907.html
Таразда басына кірпіш құлаған жұмысшы көз жұмды
Таразда басына кірпіш құлаған жұмысшы көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Жұмыс орнында жарақат алған ер адамның өмірін сақтап қалуға тырысқан дәрігерлердің әрекеті нәтиже бермеді 09.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-09T14:17+0500
2022-06-09T14:17+0500
2022-06-09T14:17+0500
тараз
қайғылы оқиға
https://sputnik.kz/img/1021/43/10214345_96:0:2500:1352_1920x0_80_0_0_004438cd39fa3d55e43721705a68b455.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Жамбыл облысының полициясы Тараздағы зауыттардың бірінде жұмысшы көз жұмғаннан кейін еңбек қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.Куәгерлердің айтуынша, жазатайым оқиға 8 маусымға қараған түні болған. Олар жұмыс уақытында ер адамның басына кірпіш құлағанын айтты. Оның қайдан келіп түскенін қазір тергеушілер анықтап жатыр.Жәбірленуші бас сүйек-ми жарақатын алғаннан кейін есінен танып қалған. Алайда жедел жәрдем келгенде тірі болған. Оны тексергеннен кейін дәрігерлер ер адамды шұғыл ауруханаға жатқызу керектігі туралы шешім қабылдаған. Алайда жұмысшы ауруханаға жетпей, жедел жәрдем машинасында көз жұмды.Жамбыл облысының полиция департаменті қайғылы оқиғаны растады."ЖШС жұмысшысы ауыр жарақат алғаны туралы полицияға хабарлама келіп түсті. Облыс орталығының 34 жастағы тұрғынының басына жұмыс орнында кірпіш құлағаны анықталды. Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлімі – "Еңбек қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады ведомство.Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.Егер оқиғаға кінәлі адам анықталса, ол бес жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1021/43/10214345_659:0:2462:1352_1920x0_80_0_0_9076248990cc1f1b44843ca2a241ec02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, қайғылы оқиға
Таразда басына кірпіш құлаған жұмысшы көз жұмды
Жұмыс орнында жарақат алған ер адамның өмірін сақтап қалуға тырысқан дәрігерлердің әрекеті нәтиже бермеді
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Жамбыл облысының полициясы Тараздағы зауыттардың бірінде жұмысшы көз жұмғаннан кейін еңбек қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Куәгерлердің айтуынша, жазатайым оқиға 8 маусымға қараған түні болған. Олар жұмыс уақытында ер адамның басына кірпіш құлағанын айтты. Оның қайдан келіп түскенін қазір тергеушілер анықтап жатыр.
Жәбірленуші бас сүйек-ми жарақатын алғаннан кейін есінен танып қалған. Алайда жедел жәрдем келгенде тірі болған. Оны тексергеннен кейін дәрігерлер ер адамды шұғыл ауруханаға жатқызу керектігі туралы шешім қабылдаған. Алайда жұмысшы ауруханаға жетпей, жедел жәрдем машинасында көз жұмды.
Жамбыл облысының полиция департаменті қайғылы оқиғаны растады.
"ЖШС жұмысшысы ауыр жарақат алғаны туралы полицияға хабарлама келіп түсті. Облыс орталығының 34 жастағы тұрғынының басына жұмыс орнында кірпіш құлағаны анықталды. Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлімі – "Еңбек қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Егер оқиғаға кінәлі адам анықталса, ол бес жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.