Өңірлер

Шымкент тұрғыны уақытша ұстау изоляторының қызметкеріне пара бермек болды

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2022
Жазылу
Алайда изолятор қызметкері пара ұсынылғаны туралы жеке қауіпсіздік басқармасына хабарлаған
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Шымкент тұрғыны тергеу үшін қамауға алынған бауырына жеңілдік алу мақсатында уақытша ұстау изоляторының қызметкеріне 1 миллион теңге (2 300 АҚШ доллары) пара бермек болған, деп хабарлайды ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Оқиға аралас қауіпсіздіктегі мекемеде болған. 49 жастағы ер адам тергеу изоляторының қызметкеріне пара бермек болған. Осылайша туысына жеңілдік қамтамасыз етуге үміттенген.
Алайда изолятор қызметкері пара ұсынылғаны туралы жеке қауіпсіздік басқармасына хабарлаған.
Деньги в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2022
Түлкібас ауданының әкіміне пара алды деген айып тағылды
Жаңалықтар
0