https://sputnik.kz/20220609/qyrgyzstan-qazaqstan-shekarada-eksporttaushylar-25437177.html
Қырғызстан Қазақстанмен шекарада экспорттаушыларының құқығы бұзылғанын мәлімдеді
Қырғызстан Қазақстанмен шекарада экспорттаушыларының құқығы бұзылғанын мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Қырғыз шенеуніктерімен бірге өткізу бекеттерін кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының өкілдері... 09.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-09T19:21+0500
2022-06-09T19:21+0500
2023-08-09T17:01+0500
шекара
қырғызстан
https://sputnik.kz/img/07e6/06/09/25435232_0:0:1300:731_1920x0_80_0_0_87a229642a8ecbdc2a2475ab750a35a6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қырғыз Республикасының экономика және сауда министрлігі Қазақстанмен шекарадағы өткізу бекеттерінде қырғыз жүк тасымалдаушыларына қатысты заң бұзушылықтар орын алғаны туралы хабарлады. Заң бұзушылықтар 3 маусым күні Қырғызстанның "Ақ-Тілек автожол" және Қазақстанның "Қордай" және "Қарасу" бақылау-өткізу бекеттерінде өткен танысу сапары кезінде анықталды. Қырғыз шенеуніктерімен бірге өткізу бекеттерін кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі Мақсат Мамытқанов бастаған Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының өкілдері тексерді. ҚР мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері "Қордай" және "Қарасу" өткізу бекеттерінде ЕАЭО туралы шарттың негізгі қағидалары мен нормаларына қайшы жұмыс істеп жатқаны белгілі болды. Ведомсвтода хабарлағандай, олар барлық жүк көлігіне ЕАЭО туралы шартпен тыйым салынған салық салған. ЕАЭО туралы шарттың 25-бабына сәйкес, одаққа мүше мемлекеттердің кеден одағы шеңберінде бірыңғай кедендік реттеу және мүше мемлекеттердің аймақтары арасында тауарлардың еркін қозғалысы кедендік декларацияны және мемлекеттік бақылауды (көлік, санитарлық, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік және фитосанитарлық) қолданбай жүзеге асырылады. Қазақстанның шекара қызметінің қызметкерлері 2022 жылдың мамыр айында "Қарасу" бақылау-өткізу бекеті арқылы Қырғызстанға 22 369 жүк көлігі импорттауға өткенін (орта есеппен бір жүк көлігі импортқа 5 минутта өтеді) атап өтті. Дегенмен, Қазақстан мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бір жүк көлігінің "Қарасу" өткізу бекетінен өту уақыты шамамен 15-20 минутты құраған (мамыр айында шамамен 2880 жүк көлігі өтуі тиіс болған). Кездесу қорытындысы бойынша жиынға қатысушылар қазақстандық тарапты ЕАЭО туралы шарттың нормалары мен ережелерін сақтауға, сондай-ақ 2020 жылдың 9 маусымында ЕЭК Комиссиясының Алқасы мәлімдеген кедергіні, атап айтқанда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттерінде ЕАЭО тауарларын бақылау және тексеруді жоюға шақырды.
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/09/25435232_0:0:1200:900_1920x0_80_0_0_88e001492dd23e2d7be15b12c4d828bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шекара, қырғызстан
Қырғызстан Қазақстанмен шекарада экспорттаушыларының құқығы бұзылғанын мәлімдеді
19:21 09.06.2022 (жаңартылды: 17:01 09.08.2023) Қырғыз шенеуніктерімен бірге өткізу бекеттерін кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының өкілдері тексерді
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қырғыз Республикасының экономика және сауда министрлігі Қазақстанмен шекарадағы өткізу бекеттерінде қырғыз жүк тасымалдаушыларына қатысты заң бұзушылықтар орын алғаны туралы хабарлады.
Заң бұзушылықтар 3 маусым күні Қырғызстанның "Ақ-Тілек автожол" және Қазақстанның "Қордай" және "Қарасу" бақылау-өткізу бекеттерінде өткен танысу сапары кезінде анықталды.
Қырғыз шенеуніктерімен бірге өткізу бекеттерін кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі Мақсат Мамытқанов бастаған Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының өкілдері тексерді.
ҚР мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері "Қордай" және "Қарасу" өткізу бекеттерінде ЕАЭО туралы шарттың негізгі қағидалары мен нормаларына қайшы жұмыс істеп жатқаны белгілі болды. Ведомсвтода хабарлағандай, олар барлық жүк көлігіне ЕАЭО туралы шартпен тыйым салынған салық салған.
ЕАЭО туралы шарттың 25-бабына сәйкес, одаққа мүше мемлекеттердің кеден одағы шеңберінде бірыңғай кедендік реттеу және мүше мемлекеттердің аймақтары арасында тауарлардың еркін қозғалысы кедендік декларацияны және мемлекеттік бақылауды (көлік, санитарлық, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік және фитосанитарлық) қолданбай жүзеге асырылады.
Қазақстанның шекара қызметінің қызметкерлері 2022 жылдың мамыр айында "Қарасу" бақылау-өткізу бекеті арқылы Қырғызстанға 22 369 жүк көлігі импорттауға өткенін (орта есеппен бір жүк көлігі импортқа 5 минутта өтеді) атап өтті.
Дегенмен, Қазақстан мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бір жүк көлігінің "Қарасу" өткізу бекетінен өту уақыты шамамен 15-20 минутты құраған (мамыр айында шамамен 2880 жүк көлігі өтуі тиіс болған).
"Қазақстандық тарап, ҚР мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлері ұсынған бұл сәйкессіздіктер қате деп танылды. Осыған байланысты делегация қазақстандық тарап ұсынған деректердің қате әрі күмәнді екенін, оның үстіне қырғыз экспорттаушыларының беделін түсіру мақсатында жалған дерек ұсыну ретінде қарастырылатынын айтты. Бұл фактілерді екі жақтың жүк көлігі жүргізушілері де ұсынған", - деп хабарлады ведомствода.
Кездесу қорытындысы бойынша жиынға қатысушылар қазақстандық тарапты ЕАЭО туралы шарттың нормалары мен ережелерін сақтауға, сондай-ақ 2020 жылдың 9 маусымында ЕЭК Комиссиясының Алқасы мәлімдеген кедергіні, атап айтқанда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттерінде ЕАЭО тауарларын бақылау және тексеруді жоюға шақырды.