Экономика

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында жалақының өсуі бойынша көш бастады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2022
Жазылу
Бірінші тоқсанда Қазақстанда нақты жалақы 112,7%-ке өскен
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Осы жылдың I тоқсанында орташа айлық номиналды еңбекақы 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елінде көтерілді, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия.
Оның мөлшері Қырғызстанда 21 мың сомнан (234 доллар) Ресейде 60 мың рубльге (709 доллар) дейін құрады.
Номиналды және нақты жалақы бойынша ең жоғары өсім Қазақстанда тіркеліп отыр – тиісінше 123,7% және 112,7%. Екінші орында – Беларусь (117,1% және 104,5%).
ЕЭК ақпаратынша, бірінші тоқсанда Қазақстанда номиналды орташа жалақы 285 433 теңге болды.
Жаңалықтар
0