Қазақстан ағаш материалдарын елден шығаруға тыйымды жарты жылға ұзартты

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. 8 маусымнан бастап елімізден ағаш материалдарының кейбір түрлерін шығаруға тыйым салынды. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Тыйым 2022 жылғы 8 маусымда күшіне енген "Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы 322 бұйрығымен енгізілді. Бұған дейін елімізде осындай тыйым 2021 жылғы 7 желтоқсан мен 2022 жылғы 7 маусым аралығында қолданылған.
Аталған бұйрық алты ай қолданыста болады.
"Аталған тыйым отандық ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту және ағаш өнімдерін заңсыз әкетуге жол бермеу мақсатында енгізілген", – делінген ведомство таратқан хабарламада.
Қандай материалдарды Қазақстаннан шығаруға тыйым салынады:
(4401) отын түріндегі бөренелер, бөренелер, бұтақтар немесе ұқсас түрлердегі сүрек (ағаштың қабық астындағы қатты бөлігі);
(4403) қабығы алынған немесе алынбаған, батпақтанған немесе өрескел жиектелген, кесілмеген, өңделмеген ағаш материалдары;
(4404) бөшкелік сүрек; жарылған бөренелер; ағаштан жасалған үшкірленген, бірақ кесілмеген қадалар, қазықтар және бағаналар; таяқтарды, қолшатырларды, құрал-саймандарға арналған тұтқаларды немесе ұқсас бұйымдарды өндіру үшін пайдаланылатын, өрескел қиыстырылған, бірақ қайралмаған, майыстырылмаған немесе басқа тәсілмен өңделмеген ағаш материалдары; жоңқа және ұқсас сүрек;
(4406) теміржол немесе трамвай жолдарына арналған ағаш шпалдар;
(4407) аралаумен немесе ұзына бойына ыдыратумен, сүргілеумен немесе аршумен алынған, өңделмеген немесе сүргіленген, ажарлаумен өңделген, қалыңдығы 6 мм-ден астам жанама қосылыстары бар немесе жоқ ағаш материалдары.
ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 "Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар" кодымен тауар қосылмайды.
Жаңалықтар
0