Спорт

"Қайрат" футбол клубының жаңа жаттықтырушысы тағайындалды

© ФК "Кайрат"Кирилл Кекер (сол жақта)
Кирилл Кекер (сол жақта) - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2022
Жазылу
2021 жылы Кирилл Кекер "Қайрат-Жастар" клубының бас бапкері ретінде қызмет атқарған
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. "Қайрат" футбол клубы Кирилл Сергеевич Кекер негізгі команданың бас бапкері болып тағайындалғанын хабарлады.
Клуб атап өткендей, Кирилл Кекердің жас ойыншылармен жұмыс істеуде үлкен тәжірибесі бар "Қайрат" академиясының ең табысты бапкерлерінің бірі. 2017 жылғы маусымда Кекердің шәкірттері 2002 жылы туған футболшылар арасындағы Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Нұрлан Қаппаровты еске алу турнирінде бір жас үлкен қарсыластарды жеңіп, Валенсиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды және Сергей Квочкин атындағы жарыста Кубокты иеленді.
2019 жылдан 2020 жылға дейінгі маусымда Кирилл Сергеевич "Қайрат" негізгі командасында жаттықтырушының көмекшісі болды және чемпионатта алтын медальдарды жеңіп алды. Кирилл Кекер 2021 жылғы маусымды "Қайрат-Жастар" командасының бас бапкері ретінде бастады. Ал маусымда "Қайрат" ФК бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2022 жылдың қаңтарында Кекер "Қайрат-Мәскеу" ФК бас бапкері болып тағайындалды. Оның еңбегінің арқасында команда чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда ФНЛ-2 турнир кестесінде 5-орынға ие болды.
Жаңалықтар
0