https://sputnik.kz/20220609/qaragandy-zhigit-tobeden-sekirip-kete-zhazdy-25437332.html
Қарағанды қаласында жас жігіт төбеден секіріп кете жазды
Қарағанды қаласында жас жігіт төбеден секіріп кете жазды
Sputnik Қазақстан
Полицейлер жас жігіттің осы әрекетке не себепті барғанын анықтады 09.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-09T20:48+0500
2022-06-09T20:48+0500
2022-06-09T20:48+0500
қарағанды облысы
жанжал
https://sputnik.kz/img/243/32/2433292_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_c00c461ad7614e261d7e49121cca7f70.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қарағанды қаласында полицейлер мен прокурорлар бес қабатты үйдің төбесінен секірейін деп отырған жас жігітті құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады. Полицейлер алдымен жас жігітті әңгімеге тартады. "Өмірде неше түрлі қиындықтар бола береді. Алла тағала жақсы көретін құлдарын сынақ береді дейді. Мен саған жақын келейін", - дейді тәртіп сақшылары.Осыдан кейін төбеден секірейін деп тұрған ер адамды ұстап алып, ішке қарай кіргізеді. Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 8 маусымда Дүйсенбеков көшесінде болған. 22 жастағы ер адам төбенің шетіне шығып, өз-өзіне қол саламын деп айқайлады. Шатырға қалалық полиция басқармасының бірінші орынбасары Рысқали Жазықбаев пен аудан прокуроры Сейдахмет Ұтқыров көтерілді. Құтқарушылар да төбеге шықты. "Келіссөздер ұзаққа созылды. Үш жарым сағаттай сөйлестік. Сөйтіп, ер адамды өз-өзіне қол салмауға көндірдік", - дейді тәртіп сақшылары. Полицейлер жас жігіттің осы әрекетке не себепті барғанын анықтады. Ол әйелімен жанжалдасып қалған. Содан өз-өзіне қол саламын деп, төбеге шығып кетті. Ер адам наркологиялық және психоневрологиялық есепте тұрған жоқ.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/243/32/2433292_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_ac54d592075a591305233423f2882f78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, жанжал
Қарағанды қаласында жас жігіт төбеден секіріп кете жазды
Полицейлер жас жігіттің осы әрекетке не себепті барғанын анықтады
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қарағанды қаласында полицейлер мен прокурорлар бес қабатты үйдің төбесінен секірейін деп отырған жас жігітті құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады. Полицейлер алдымен жас жігітті әңгімеге тартады.
"Өмірде неше түрлі қиындықтар бола береді. Алла тағала жақсы көретін құлдарын сынақ береді дейді. Мен саған жақын келейін", - дейді тәртіп сақшылары.
Осыдан кейін төбеден секірейін деп тұрған ер адамды ұстап алып, ішке қарай кіргізеді. Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 8 маусымда Дүйсенбеков көшесінде болған. 22 жастағы ер адам төбенің шетіне шығып, өз-өзіне қол саламын деп айқайлады. Шатырға қалалық полиция басқармасының бірінші орынбасары Рысқали Жазықбаев пен аудан прокуроры Сейдахмет Ұтқыров көтерілді. Құтқарушылар да төбеге шықты.
"Келіссөздер ұзаққа созылды. Үш жарым сағаттай сөйлестік. Сөйтіп, ер адамды өз-өзіне қол салмауға көндірдік", - дейді тәртіп сақшылары.
Полицейлер жас жігіттің осы әрекетке не себепті барғанын анықтады. Ол әйелімен жанжалдасып қалған. Содан өз-өзіне қол саламын деп, төбеге шығып кетті. Ер адам наркологиялық және психоневрологиялық есепте тұрған жоқ.