https://sputnik.kz/20220609/politsiya-zhol-kolik-oqiga-rasimdeu-25430264.html
"Полициясыз шешіледі": жол-көлік оқиғасын рәсімдеудің жаңа тәртібі қашан енгізіледі
"Полициясыз шешіледі": жол-көлік оқиғасын рәсімдеудің жаңа тәртібі қашан енгізіледі
Sputnik Қазақстан
Сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша жол апаты болған кезде барлық құжат жылдам рәсімделеді 09.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-09T15:03+0500
2022-06-09T15:03+0500
2023-08-10T11:58+0500
қоғам
ереже
жаңа тәртіп
жол апаты
https://sputnik.kz/img/334/37/3343702_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_e61dbbab0253251bd5720bfa8f841707.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова жол апаты рәсімдеудің жеңілдетілген тәртібін енгізу мерзімін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұған дейін агенттік сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібін енгізілетінін жариялаған болатын. Соның арқасында көлік жүргізушілері полицияны, тіпті, сот шешімін күтпей, сақтандыру төлемдерін рәсімдей алады. Қазір сақтандыру төлемін алу үшін жол полициясының хаттамасы керек. Оған қоса, сот шешімі шығуы қажет. Оған екі айдай уақыт кетеді. Ал сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша жол апаты болған кезде барлық құжат жылдам рәсімделеді. Бірақ бірнеше шарт болады. Олар: Барлық өтініш бірыңғай сақтандыру дерекқорының мобильдік қосымшасы арқылы жіберіледі. Бүгін сенат тиісті заң жобасын қарады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, заң қабылданса да, сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі бірден енгізілмейді. Ол алдымен барлық ақпараттық базаларды бір-біріне қосу керек. Сонда мәліметтер жылдам өңделіп, сақтандыру төлемі автоматты түрде беріліп тұрады. Айта кетері, халықаралық практикада сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі кеңінен тараған. Оны "еурохаттама" деп атайды. Бүгінде еурохаттама Еуропада ғана емес, Ресей, Беларусь, Украина, Армения мен Өзбекстан сияқты ТМД-ның бірқатар мемлекетінде бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/334/37/3343702_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_d47e9fbbbbf4346a1796c2fd48173760.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ереже, жаңа тәртіп, жол апаты
ереже, жаңа тәртіп, жол апаты
"Полициясыз шешіледі": жол-көлік оқиғасын рәсімдеудің жаңа тәртібі қашан енгізіледі
15:03 09.06.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) Сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша жол апаты болған кезде барлық құжат жылдам рәсімделеді
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова жол апаты рәсімдеудің жеңілдетілген тәртібін енгізу мерзімін атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін агенттік сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібін енгізілетінін жариялаған болатын. Соның арқасында көлік жүргізушілері полицияны, тіпті, сот шешімін күтпей, сақтандыру төлемдерін рәсімдей алады. Қазір сақтандыру төлемін алу үшін жол полициясының хаттамасы керек. Оған қоса, сот шешімі шығуы қажет. Оған екі айдай уақыт кетеді.
Ал сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша жол апаты болған кезде барлық құжат жылдам рәсімделеді. Бірақ бірнеше шарт болады.
екі көлік құралының соқтығысуы;
жол апаты кезінде көлік құралдарына ғана зиян келуі (адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру және үшінші тұлғалардың мүлкін зақымдау фактісі болмауы шарт);
сақтандыру полисінің болуы;
екі көлік жүргізушінің өзара келісуі;
сақтандыру төлемі 100 АЕК-тен (306 мың теңгеден) аспауы.
Барлық өтініш бірыңғай сақтандыру дерекқорының мобильдік қосымшасы арқылы жіберіледі.
Бүгін сенат тиісті заң жобасын қарады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, заң қабылданса да, сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі бірден енгізілмейді. Ол алдымен барлық ақпараттық базаларды бір-біріне қосу керек. Сонда мәліметтер жылдам өңделіп, сақтандыру төлемі автоматты түрде беріліп тұрады.
"Ішкі істер министрлігі мен сақтандыру төлемдерінің базаларын интеграциялау қажет. Сонда сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібін енгізуге болады. Жоспар бойынша 2024 жылы 1 қаңтардан бастап енгіземіз деп отырмыз. Бірақ интеграция жылдам жасалса, 2023 жылы "еурохаттаманы" қолдана аламыз", - деді Әбілқасымова журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, халықаралық практикада сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі кеңінен тараған. Оны "еурохаттама" деп атайды. Бүгінде еурохаттама Еуропада ғана емес, Ресей, Беларусь, Украина, Армения мен Өзбекстан сияқты ТМД-ның бірқатар мемлекетінде бар.