https://sputnik.kz/20220609/ministri-baspana-bagasy-25432042.html
Министр баспана бағасы туралы пікір білдірді
Министр баспана бағасы туралы пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Биыл 1 сәуірде зейнетақы жинақтарын пайдалану шегі көтерілген болатын. Содан бері баспанаға сұраныс төмендеді 09.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-09T15:34+0500
2022-06-09T15:34+0500
2022-06-10T06:44+0500
баспана
баға
министр
https://sputnik.kz/img/1191/37/11913765_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_ff9a638d595b97dcc13bdba30980bd6d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев баспана бағасының тұрақталып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министрдің айтуынша, баспана бағасына әсер еткен факторлардың бірі – зейнетақы жинақтары. Өткен жылы жылжымайтын мүлікке сұраныс күрт өсті. Биыл 1 сәуірде зейнетақы жинақтарын пайдалану шегі көтерілген болатын. Содан бері баспанаға сұраныс төмендеді. Бірақ құрылыс компаниялары материал қымбаттап кетті дегенді алға тартып отыр. "Мысалы, жылдың басында арматураның бағасы 430-450 мың теңгеге өсті деді. Одан кейін төмендей бастады. Қазір көтерме бағасы – 335 мың, ал бөлшек саудада 350 мың теңге сатылып жатыр. Баспана бағасына басқа факторлар да әсер етеді. Біз апта сайын бақылап отырамыз", - деп атап көрсетті Өскенбаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/37/11913765_160:0:1937:1333_1920x0_80_0_0_eecbf21d5fd34b2df896c8a542cd22d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баспана, баға, министр
Министр баспана бағасы туралы пікір білдірді
15:34 09.06.2022 (жаңартылды: 06:44 10.06.2022) Биыл 1 сәуірде зейнетақы жинақтарын пайдалану шегі көтерілген болатын. Содан бері баспанаға сұраныс төмендеді
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев баспана бағасының тұрақталып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, баспана бағасына әсер еткен факторлардың бірі – зейнетақы жинақтары. Өткен жылы жылжымайтын мүлікке сұраныс күрт өсті.
"Былтыр бағалардың өсу қатты сезілді. Биыл біршама тұрақталып отыр. Оған сан алуан факторлар әсер етті. Әдетте, ұсыныс сұранысқа әсер етеді ғой. Ал өткен жылы сұраныс көбейді. Себебі зейнетақы жинақтарын пайдалануға рұқсат берілді. Соның нәтижесінде баспанаға сұраныс күрт өсті", - деді Өскенбаев журналистерге берген сұхбатында.
Биыл 1 сәуірде зейнетақы жинақтарын пайдалану шегі көтерілген болатын. Содан бері баспанаға сұраныс төмендеді. Бірақ құрылыс компаниялары материал қымбаттап кетті дегенді алға тартып отыр.
"Мысалы, жылдың басында арматураның бағасы 430-450 мың теңгеге өсті деді. Одан кейін төмендей бастады. Қазір көтерме бағасы – 335 мың, ал бөлшек саудада 350 мың теңге сатылып жатыр. Баспана бағасына басқа факторлар да әсер етеді. Біз апта сайын бақылап отырамыз", - деп атап көрсетті Өскенбаев.