ЕАЭО-да шешім консенсус арқылы қабылданады – Алексей Оверчук

© Sputnik / Владислав Воднев Алексей Оверчук
 Алексей Оверчук  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2022
Жазылу
Ресей премьер-министрі орынбасарының пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақтың мақсаты – Еуразияда елдердің тәуелсіздігін құрметтеуге негізделген үйлесімді экономикалық қатынастарды қалыптастыру
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Ресей Еуразиялық экономикалық одаққа КСРО құрамында болмаған елдер кіруі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы Қазақстанға келіп, "Қазақстан мен Ресей. ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттары" атты конференцияға қатысқан РФ премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук мәлімдеді.
Ресей премьер-министрінің орынбасары Еуразиялық экономикалық одақтың артықшылықтары туралы айтты.
"Біз ешкімді ештеңеге мәжбүрлеп жатқан жоқпыз. Жиі айтылып жүргендей, ЕАЭО Ресейдің өңірді оқшаулауға және Кеңес Одағын қалпына келтіруге деген ұмтылысы емес", - деді Алексей Оверчук Еуразия ұлттық университетінде өткен конференцияда.
Ол ұйым тәуелсіз елдердің дамуына бағытталған оң экономикалық күн тәртібін ұсынатынын айтты. Одаққа мүше мемлекеттер бір-бірінің мүдделеріне мән беріп, осы мүдделерді түсінуге және қабылдауға тырысады.
"Шетелдік әріптестеріммен сөйлескенде ЕАЭО-да шешім қабылдаудың барлық деңгейінде мәселелер консенсус арқылы шешілетініне сенімсіздік білдіріп жатады. Алайда мұнда тіпті ең кішкентай елдің дауысы ең үлкен елдің дауысымен бірдей. Егер кем дегенде бір ел өзінің мүддесі ескерілмеді немесе еленбеді деп есептесе, ешқашан шешім қабылданбайды, бұл мүмкін емес", - деп сендірді Оверчук.
Жаңалықтар
0