https://sputnik.kz/20220609/aqtau-zhylu-zhelileri-zhondeu-qyzmetker-25434204.html
Ақтауда жылу желілерін жөндеу кезінде көз жұмған қызметкерге материалдық көмек көрсетіледі
Ақтауда жылу желілерін жөндеу кезінде көз жұмған қызметкерге материалдық көмек көрсетіледі
Sputnik Қазақстан
Комиссия тағайындалғаннан кейін Маңғыстау облысы еңбек департаменті инспекторының төрағалық етуімен осы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тексеру... 09.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-09T21:04+0500
2022-06-09T21:04+0500
2022-06-09T21:04+0500
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948647_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_de7bc8c5da8ea21fd9e406fd196e4646.jpg
АЛМАТЫ, 9 маусым – Sputnik. "Каспий жылу, су арнасы" мемлекеттік мекемесі жылу желілерін жөндеу кезінде қайтыс болған жұмысшының отбасына материалдық көмек көрсетеді. Сондай-ақ жерлеу рәсімін ұйымдастыру жағынан да қолдайды, деп хабарлады Lada.kz сайты. 8 маусым күні қаза тапқан "Каспий жылу, су арнасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерінің өліміне қатысты комиссия құрылады. Коммуналдық кәсіпорындағы өтемақы мөлшері туралы ақпарат кейінірек жарияланатыны айтылды. Еске салсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратының алдында жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде кірпіш дуал опырылып құлап, "Каспий жылу, су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 1978 жылы туған қызметкерін басып қалған. Ер адам Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948647_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_e557e3bab9261d7797c17ff1ddeaf61e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы
Ақтауда жылу желілерін жөндеу кезінде көз жұмған қызметкерге материалдық көмек көрсетіледі
Комиссия тағайындалғаннан кейін Маңғыстау облысы еңбек департаменті инспекторының төрағалық етуімен осы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тексеру жүргізілетін болады
АЛМАТЫ, 9 маусым – Sputnik. "Каспий жылу, су арнасы" мемлекеттік мекемесі жылу желілерін жөндеу кезінде қайтыс болған жұмысшының отбасына материалдық көмек көрсетеді. Сондай-ақ жерлеу рәсімін ұйымдастыру жағынан да қолдайды, деп хабарлады Lada.kz сайты.
8 маусым күні қаза тапқан "Каспий жылу, су арнасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерінің өліміне қатысты комиссия құрылады.
"Комиссия тағайындалғаннан кейін Маңғыстау облысы еңбек департаменті инспекторының төрағалық етуімен осы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тексеру жүргізілетін болады. Кәсіпорын ұжымы отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Мекеме тарапынан марқұмның отбасына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға материалдық қолдау және көмек көрсетіледі", – деп хабарлады "ҚЖСА" МКК.
Коммуналдық кәсіпорындағы өтемақы мөлшері туралы ақпарат кейінірек жарияланатыны айтылды.
Еске салсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратының алдында жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде кірпіш дуал опырылып құлап, "Каспий жылу, су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 1978 жылы туған қызметкерін басып қалған.
Ер адам Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды.