Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық жарыста алтын медаль жеңіп алды

© Photo : Сайт Национального Олимпийского комитета Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық жарыста алтын медаль жеңіп алды
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық жарыста алтын медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 9 маусым – Sputnik. Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық додада алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.
Чехияның Гавиржов қаласында үстел теннисінен "WTT Youth Contender" кезеңі бойынша халықаралық жарыс өтіп жатыр. Аталған әлемдік бәсекеге 30 елден 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі спортшылар бақ сынауда.
"15 жастағы теннисшілер арасында Алан Құрманғалиев алдымен кіші топта бірінші орын алса, 1/16 финалда Равад Альнасерді (Катар) 3:1, 1/8-де Марсель Блашчикті (Польша) 3:0, ширек финалда Михаил Ловга (Украина) 3:0, жартылай финалда Жоана Величкованы (Болгария) 3:1 айқын басымдықпен ұтты. Ал финалда отандасымыз жапониялық спортшы Казуки Йошияманы 3:1 (11:8, 11:13, 11:4, 11:7) есебімен жеңіп, есесін қайтарды", – делінген хабарламада.
Айта кетері, Алан Құрманғалиев 27 мамырда өткен халықаралық бәсекенің финалында Казуки Йошиямамен кездесіп, есе жіберген болатын.
Сондай-ақ үлкен жасөспірімдер санаты бойынша сынға түскен Санжар Жұбанов, Искандер Харки, Сағантай Құрмамбаев топтық кезеңнен өтіп, жарыстың 1/32 финалында тоқтады.
Жаңалықтар
0