https://sputnik.kz/20220608/zhambyl-oblysynda-zharylystar-25390907.html
Жамбыл облысында әскери бөлімде қалған оқ-дәріні жару жұмысы күзге дейін жалғасады
Жамбыл облысында әскери бөлімде қалған оқ-дәріні жару жұмысы күзге дейін жалғасады
Sputnik Қазақстан
Дүмпулер таңертең мен кешкі уақытта қатты сезіледі 08.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-08T10:59+0500
2022-06-08T10:59+0500
2022-06-08T10:59+0500
өңірлер
жамбыл облысы
жарылыс
әскерилер
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/14/15244382_0:0:3200:1801_1920x0_80_0_0_50b51b6705a0b13541bc1de196525f00.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Жамбыл облысында Байзақ ауданында қару-жарақтың қалдықтарын жою шаралары қайта басталды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы. 28/349 әскери бөлімінде қалып қойған оқ-дәрілерді жою жұмыстары жалғасып жатыр. Дүмпулер таңертең мен кешкі уақытта қатты сезіледі. Жарылыстар күзге дейін созылады. Мамандар қоймадағы қауіпті қалдықтарды шығарып, шалғайға апарып жарып жатыр. Ол үшін таудың ішінде әскери бөлімшеден, шамамен, 12 шақырымдай жерде арнайы жер белгіленген. Жару жұмыстары екі ай бұрын басталған. Бірақ жергілікті шаруалар мал төлдейтін уақыттың басталғанын алға тартып, жарылыстарды кейінге шегеруді сұраған болатын. Енді, осы шаралар қайта басталды және күзге дейін жалғасады. Әскери қойма аумағы әлі де жарылғыштардан толық тазартылып бітпеген. Нақты қанша көлемде жойылатыны да белгісіз. Айта кетері, былтыр Байзақ ауданындағы қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болды. Соның салдарынан 17 адам қаза тапқан. Төтенше жағдайдың себебі күні бүгінге дейін жарияланбай отыр. Бір әскери әлі күнге дейін табылмады. Жоғалған кіші сержант Бауыржан Дауытбаевты іздеу жұмыстары тоқтаған жоқ. "Топырақ үйінділерін електен өткізу арқылы іздеп жатырмыз. Бүгінгі таңда іздеу жұмыстары нәтиже беріп жатқан жоқ. Негізі басқа қаза болған адамдардың кейбір заттарына дейін тауып жатырмыз. Біреудің кілті шығады, біреудің құжаты, біреудің көзілдірігі шығады. Тапқанға дейін іздейміз", - дейді Әбсадықов.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/14/15244382_452:0:2879:1820_1920x0_80_0_0_71bb7aac45aabf3a046403c320e5f3a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, жарылыс, әскерилер
жамбыл облысы, жарылыс, әскерилер
Жамбыл облысында әскери бөлімде қалған оқ-дәріні жару жұмысы күзге дейін жалғасады
Дүмпулер таңертең мен кешкі уақытта қатты сезіледі
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Жамбыл облысында Байзақ ауданында қару-жарақтың қалдықтарын жою шаралары қайта басталды, деп хабарлайды
Хабар 24 арнасы.
28/349 әскери бөлімінде қалып қойған оқ-дәрілерді жою жұмыстары жалғасып жатыр. Дүмпулер таңертең мен кешкі уақытта қатты сезіледі. Жарылыстар күзге дейін созылады. Мамандар қоймадағы қауіпті қалдықтарды шығарып, шалғайға апарып жарып жатыр. Ол үшін таудың ішінде әскери бөлімшеден, шамамен, 12 шақырымдай жерде арнайы жер белгіленген.
Жару жұмыстары екі ай бұрын басталған. Бірақ жергілікті шаруалар мал төлдейтін уақыттың басталғанын алға тартып, жарылыстарды кейінге шегеруді сұраған болатын. Енді, осы шаралар қайта басталды және күзге дейін жалғасады. Әскери қойма аумағы әлі де жарылғыштардан толық тазартылып бітпеген. Нақты қанша көлемде жойылатыны да белгісіз.
"Техникалық территорияда тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Әр ғимарат, қоймалардан табылғанын осында алып келіп, жарып жатырмыз. Жақын арадағы елді мекендердің қауіпсіздігі үшін аздап жарып жатырмыз. Бір жарғанда салмағы 600-700 келі тратил эквивалентінде жарылады",- дейді 28349 әскери бөлімінің командирі Еркін Әбсадықов.
Айта кетері, былтыр Байзақ ауданындағы қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болды. Соның салдарынан 17 адам қаза тапқан. Төтенше жағдайдың себебі күні бүгінге дейін жарияланбай отыр. Бір әскери әлі күнге дейін табылмады. Жоғалған кіші сержант Бауыржан Дауытбаевты іздеу жұмыстары тоқтаған жоқ.
"Топырақ үйінділерін електен өткізу арқылы іздеп жатырмыз. Бүгінгі таңда іздеу жұмыстары нәтиже беріп жатқан жоқ. Негізі басқа қаза болған адамдардың кейбір заттарына дейін тауып жатырмыз. Біреудің кілті шығады, біреудің құжаты, біреудің көзілдірігі шығады. Тапқанға дейін іздейміз", - дейді Әбсадықов.