https://sputnik.kz/20220608/zhalgan-nomir-zhugizushi-kualigi-25400352.html
Көлігіне жалған нөмір таққандар жүргізуші куәлігінен айырылады
Көлігіне жалған нөмір таққандар жүргізуші куәлігінен айырылады
Sputnik Қазақстан
Бұрын тек айыппұл салынып келсе, енді 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады 08.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-08T14:09+0500
2022-06-08T14:09+0500
2023-08-10T11:57+0500
мемлекеттік нөмірлер
https://sputnik.kz/img/1168/07/11680763_37:0:3678:2048_1920x0_80_0_0_a9ccb3869c0af4ca1903fb114e37ffe2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Парламент мәжілісі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжатта автокөлік жүргізушілеріне жазаны қатаңдату нормасы көзделген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Заң жобасы президент тапсырмасын іске асыру үшін әкімшілік жауапкершілікті көздей отырып, байланыс және интернет саласында тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында әзірленді.Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Нәзилә Раззақтың айтуынша, ұсынылып отырған маңызды түзетулердің бірі автокөліктердің мемлекеттік нөміріне қатысты.Сондай-ақ байланыс қызметтерін көрсету ережелерін бұзғаны үшін, яғни интернет сапасына қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келмеу бойынша айыппұл сомасы ұлғаяды.Бұдан бөлек, жұмыс барысында білім беру, қару айналымы және салық заңнамасы салаларында әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік жазалау шараларын белгілеуге бағытталған түзетулер енгізілді.Мысалы, жоғарғы оқу орындары жабылған жағдайда студенттерді ауыстыру жөніндегі міндеттемелерді орындамаса, құрылтайшылардың әкімшілік жауапкершілігін белгілеу, сондай-ақ жоғарғы оқу орындарды лицензиядан айыру жөніндегі функцияларды уәкілетті органға беру ұсынылады.Сонымен қатар билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға байланысты әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту көзделген. Атап айтқанда, құқық қорғау құрылымдары қызметкерлерінің заңды талабына бағынбағаны үшін ескерту түріндегі жаза түрі алынып тасталады. Ал айыппұл мөлшері мен әкімшілік қамауға алу мерзімі ұлғаяды.Лақтырылатын, аң аулайтын, белгі беретін қаруды және олардың құрамдас бөліктерін заңсыз иемдену, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1168/07/11680763_492:0:3223:2048_1920x0_80_0_0_cde91eb98f7c179a6b26fb5fa08ef5ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік нөмірлер
Көлігіне жалған нөмір таққандар жүргізуші куәлігінен айырылады
14:09 08.06.2022 (жаңартылды: 11:57 10.08.2023) Бұрын тек айыппұл салынып келсе, енді 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Парламент мәжілісі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжатта автокөлік жүргізушілеріне жазаны қатаңдату нормасы көзделген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң жобасы президент тапсырмасын іске асыру үшін әкімшілік жауапкершілікті көздей отырып, байланыс және интернет саласында тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында әзірленді.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Нәзилә Раззақтың айтуынша, ұсынылып отырған маңызды түзетулердің бірі автокөліктердің мемлекеттік нөміріне қатысты.
"Автокөлікті қайталап немесе бірнеше рет мемлекеттік нөмірсіз басқарғаны үшін, сондай-ақ автокөліктерге жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмір таққаны үшін жауапкершілікті күшейту көзделіп отыр. Мысалы, бұрын тек айыппұл салынса, енді жүргізушіні 1 жылға куәлігінен айыру және 5 тәулікке қамауға алу қарастырылып отыр", деді депутат.
Сондай-ақ байланыс қызметтерін көрсету ережелерін бұзғаны үшін, яғни интернет сапасына қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келмеу бойынша айыппұл сомасы ұлғаяды.
Бұдан бөлек, жұмыс барысында білім беру, қару айналымы және салық заңнамасы салаларында әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік жазалау шараларын белгілеуге бағытталған түзетулер енгізілді.
Мысалы, жоғарғы оқу орындары жабылған жағдайда студенттерді ауыстыру жөніндегі міндеттемелерді орындамаса, құрылтайшылардың әкімшілік жауапкершілігін белгілеу, сондай-ақ жоғарғы оқу орындарды лицензиядан айыру жөніндегі функцияларды уәкілетті органға беру ұсынылады.
Сонымен қатар билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға байланысты әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту көзделген. Атап айтқанда, құқық қорғау құрылымдары қызметкерлерінің заңды талабына бағынбағаны үшін ескерту түріндегі жаза түрі алынып тасталады. Ал айыппұл мөлшері мен әкімшілік қамауға алу мерзімі ұлғаяды.
Лақтырылатын, аң аулайтын, белгі беретін қаруды және олардың құрамдас бөліктерін заңсыз иемдену, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді.