Денсаулық

Ұзақ ұйықтау несімен қауіпті - маман пікірі

© Depositphotos.com / FotodomҰйқы
Ұйқы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2022
Жазылу
Ұзақ ұйықтау ағзаның өте қатты шаршағанының белгісі болуы мүмкін, тіпті депрессия мен астения болуы да ықтимал
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым — Sputnik. Ұзақ ұйқы семіздік, қант диабеті және жүрек-тамыр ауруларының қаупін арттырады.
Бұл туралы URA.RU-ға сомнолог, кардиолог, терапевт, ESRS халықаралық деңгейдегі ұйқының бұзылуы жөніндегі сарапшы, медицина ғылымдарының кандидаты Надежда Бурко хабарлады.
Оның айтуынша, ұйқысыздық немесе көп ұйықтау ағзаға кері әсерін тигізеді. Бас ауырып, адам жиі шаршайды.
"Артық немесе аз ұйықтау жүрек-қан тамырлары аурулары, диабет пен семіздікке әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейбір жағдайда шамадан тыс ұйқышылдық пайда болады. Мұндай жағдайда ауруды диагностикалап, емделу қажет", - деді Надежда Бурко.
Медициналық психолог Олег Долгицкий ұзақ ұйқы денсаулықтың нашарлауының белгісі болуы мүмкін екенін растады.
"Әдетте, адамның ұйқысының ұзақтығы сегіз сағат болуы керек. Егер осы уақыт ішінде қалпына келіп үлгере алмаса, қандай да бір проблема бар деген сөз", - деді сарапшы.
Оның пайымдауынша, ұйқының ұзақтығы адамның қалпына келуіне әдеттегі уақыт жетіспейтінінің белгісі.
Психолог осы кезеңде стресс деңгейін арттыратын факторларды азайтуға кеңес береді. Серуендеп, дене шынықтыруды ұсынды.
Жаңалықтар
0