Түркістан облысында тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

© Sputnik / Абзал Калиевқаржы пирамидасы
қаржы пирамидасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2022
Жазылу
НовостиTelegram
Пирамидаға тартылған қаражат сомасы 80,5 млн теңгені құрады
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті "Не работа" атты қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс-шаралары жүргізуде.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан топ 2019-2021 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тартылған қаражатты өз бағытына пайдаланбай, жеке тұлғалардан қаржылық пирамидаға активтерді тартуды қамтамасыз етті. Пирамидаға тартылған қаражат сомасы 80,5 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.

Агенттік қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейтінін ескертті.
Жаңалықтар
0