https://sputnik.kz/20220608/sqo-zhylqylar-belgisiz-auruga-shaldyqty-25387520.html
"Союға және етін сатуға болмайды": СҚО-да жылқылар белгісіз ауруға шалдықты
"Союға және етін сатуға болмайды": СҚО-да жылқылар белгісіз ауруға шалдықты
Sputnik Қазақстан
Қауіпті індет анықталған жағдайда ауылды карантинге жабу мәселесі қаралуы мүмкін 08.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-08T09:58+0500
2022-06-08T09:58+0500
2023-08-09T12:49+0500
өңірлер
жылқы
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/1259/41/12594110_0:13:1281:733_1920x0_80_0_0_a8cd5fa5f19f2c0ad9ba1cd74aa1079c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында жылқылар респираторлық вирусқа ұқсас белгісіз дертке шалдықты, деп хабарлайды Astana TV арнасы.Жеті жылдан бері мал бағып жүрген Самархан Сәдуақасов мұндай дертті алғаш көріп отырғанын айтты. Екі ауылға тиесілі 400-ге жуық жылқының басым бөлігі белгісіз ауруға шалдыққан. "Жөтеліп жүргеніне бір аптадан асты. Маңқасы ағады, әлсіздік бар. Жылқы ширақ қимылдамайды, бәсеңдеп қалды. Тәбеті көрініп тұр, оттайды, демалады", - дейді жылқышы. Ветеринар мамандар да мұндай індеттің бұрын-соңды байқалмағанын растады. Қазіргі кезде олар малға суық тиген кездегі ем-шараларды қолданумен шектеліп отыр. Қан сынамасын алып, зертханаға жөнелткен. Ауырған жылқылар оқшауланды. Союға да, етін сатуға да болмайды. Сараптама қорытындысы бір-екі аптаның шамасында дайын болады. Қауіпті індет анықталған жағдайда ауылды карантинге жабу мәселесі қаралуы мүмкін.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1259/41/12594110_27:0:1164:853_1920x0_80_0_0_d5f11dda010c0477b537195044247dfa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылқы, солтүстік қазақстан облысы
жылқы, солтүстік қазақстан облысы
"Союға және етін сатуға болмайды": СҚО-да жылқылар белгісіз ауруға шалдықты
09:58 08.06.2022 (жаңартылды: 12:49 09.08.2023) Қауіпті індет анықталған жағдайда ауылды карантинге жабу мәселесі қаралуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында жылқылар респираторлық вирусқа ұқсас белгісіз дертке шалдықты, деп хабарлайды
Astana TV арнасы.
Жеті жылдан бері мал бағып жүрген Самархан Сәдуақасов мұндай дертті алғаш көріп отырғанын айтты. Екі ауылға тиесілі 400-ге жуық жылқының басым бөлігі белгісіз ауруға шалдыққан.
"Жөтеліп жүргеніне бір аптадан асты. Маңқасы ағады, әлсіздік бар. Жылқы ширақ қимылдамайды, бәсеңдеп қалды. Тәбеті көрініп тұр, оттайды, демалады", - дейді жылқышы.
Ветеринар мамандар да мұндай індеттің бұрын-соңды байқалмағанын растады. Қазіргі кезде олар малға суық тиген кездегі ем-шараларды қолданумен шектеліп отыр. Қан сынамасын алып, зертханаға жөнелткен.
Ауырған жылқылар оқшауланды. Союға да, етін сатуға да болмайды. Сараптама қорытындысы бір-екі аптаның шамасында дайын болады. Қауіпті індет анықталған жағдайда ауылды карантинге жабу мәселесі қаралуы мүмкін.