https://sputnik.kz/20220608/qyzmette-qaza-tapqan-askeriler-men-politseylerdin-balalary-universitette-tegin-oqidy-25403577.html
Қызметте қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің балалары университетте тегін оқиды
Қызметте қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің балалары университетте тегін оқиды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Парламент мәжілісі күштік құрылым қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандыруға арналған заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп... 08.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-08T15:28+0500
2022-06-08T15:28+0500
2022-06-08T15:33+0500
әскери қызметкер
полицей
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094537_0:52:3073:1780_1920x0_80_0_0_b114d80c22ed8cf66d4b0ecb59eadc7a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Парламент мәжілісі күштік құрылым қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандыруға арналған заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжілістің жалпы отырысында құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралды.Депутат Гүлнар Бижанованың айтуынша, заң жобасына енгізілген өзгерістердің бірі – ерекше қиын жағдайдағы қызметкерлер мен олардың отбасын әлеуметтік қамсыздандыру туралы."Халқымыз "өлі разы болмай, тірі байымайды" дейді. Мемлекет қызметін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасына ерекше қамқорлық жасауға тиіс. Қаңтар айының қатал күндерінде нақ солар біздің тәуелсіздігімізді сақтап қалды. Қызметін орындау кезінде қаза тапқандардың отбасы, балалары және жақын туыстары назардан тыс қалмауы керек. Сондықтан барлық күштік құрылымның қаза тапқан қызметкерлерінің балалары мен туыстары үшін бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер бойынша түзетулер қолдау тапты", - деді Бижанова.Біріншісі – қызмет бабында қаза тапқан қызметкердің отбасына ай сайынғы төлемдер қайтыс болған қызметкердің ақшалай қаражаты негізінде төленеді. Мұндай төлемдерді ауыр жарақат алуына байланысты органдарда қызметін жалғастыра алмайтын қызметкерлер де алады.Үшіншісі – қызметкердің өз міндеттерін орындау және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде мүлкіне келтірілген залалды өтеудің қосымша шаралары бойынша түзетулер.Сонымен қатар, заң жобасында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын үш жылда бір рет индекстеу туралы норма көзделген.Бижанованың айтуынша, мұндай тәжірибе көптеген елде бар. Бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа ереже 2025 жылдан бастап енгізіледі.Мәжіліс депутаттары аталған заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094537_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_c7a527fc6d9ed5a943f7115df1e916df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер, полицей
әскери қызметкер, полицей
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Парламент мәжілісі күштік құрылым қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандыруға арналған заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралды.
Депутат Гүлнар Бижанованың айтуынша, заң жобасына енгізілген өзгерістердің бірі – ерекше қиын жағдайдағы қызметкерлер мен олардың отбасын әлеуметтік қамсыздандыру туралы.
"Халқымыз "өлі разы болмай, тірі байымайды" дейді. Мемлекет қызметін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасына ерекше қамқорлық жасауға тиіс. Қаңтар айының қатал күндерінде нақ солар біздің тәуелсіздігімізді сақтап қалды. Қызметін орындау кезінде қаза тапқандардың отбасы, балалары және жақын туыстары назардан тыс қалмауы керек. Сондықтан барлық күштік құрылымның қаза тапқан қызметкерлерінің балалары мен туыстары үшін бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер бойынша түзетулер қолдау тапты", - деді Бижанова.
Біріншісі – қызмет бабында қаза тапқан қызметкердің отбасына ай сайынғы төлемдер қайтыс болған қызметкердің ақшалай қаражаты негізінде төленеді. Мұндай төлемдерді ауыр жарақат алуына байланысты органдарда қызметін жалғастыра алмайтын қызметкерлер де алады.
"Екіншісі – қаза тапқан және мүгедек болған қызметкерлердің балаларына арналған мемлекеттік гранттар. Олар еліміздің кез келген жоғары оқу орнында тегін жоғары білім ала алады", - деді депутат.
Үшіншісі – қызметкердің өз міндеттерін орындау және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде мүлкіне келтірілген залалды өтеудің қосымша шаралары бойынша түзетулер.
Сонымен қатар, заң жобасында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын үш жылда бір рет индекстеу туралы норма көзделген.
Бижанованың айтуынша, мұндай тәжірибе көптеген елде бар. Бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа ереже 2025 жылдан бастап енгізіледі.
Мәжіліс депутаттары аталған заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді.