Қоғам

Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін заңды тұлғалар жауапқа тартылады

© Sputnik / Абзал КалиевДепутат
Депутат - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2022
Жазылу
Заң жобасында қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін заңды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік белгілеу нормалары бар
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Парламент мәжілісі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасы мен оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс депутаты Сергей Симоновтың айтуынша, заң жобасы кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың (КЖ/ТҚҚІ) ұлттық жүйесін жақсарту, сондай-ақ Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарын іске асыру мақсатында әзірленді.
"Биыл Қазақстан Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі еуразиялық топтың өзара бағалауының екінші раундынан өтуге тиіс. ЕАТ-ның көшпелі іс-шарасы қаңтар оқиғасына байланысты осы жылдың көктемінен күзіне шегерілді", - деді ол мәжілістің жалпы отырысында.
Заң жобасында қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін заңды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік белгілеу нормалары бар.
Заң жобасымен енгізілетін нормалар:
заңды тұлғалардың өздерінің бенефициарлық меншік иелерін ашу міндетін белгілеу;
КЖ/ТҚҚІ туралы заңнаманы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған трасттарға немесе басқа да корпоративтік құрылымдарға қолдану;
терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген субъектілердің тікелей немесе жанама бақылауындағы қаражат пен өзге де активтерді бұғаттау;
КЖ/ТҚҚІ туралы заңда шарттарды айқындауға бағытталған, оларға сәйкес бір топқа кіретін қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді тиісінше тексерудің нәтижелері мен құжаттарына сенім артуға, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуға құқылы болады;
қылмыстық құралдарды заңдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту және ФАТФ ұсынымдарында айқындалған бірқатар қылмыстық құқықбұзушылық үшін "мүлікті тәркілеу" түрінде қылмыстық жаза белгілеу;
қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін заңды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік белгілеу;
қаржы мониторингі органдарының лауазымды тұлғаларына тиісті әкімшілік құқықбұзушылықтардың хаттамасын толтыру, ал соттарға әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау және шешім қабылдау өкілеттігі беріледі;
террористік әрекет ұғымын кеңейту мақсатында "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" заң ережелерін Қылмыстық кодекстің ережелеріне сәйкес келтіру.
Сондай-ақ мәжіліс осы заңға ілеспе заң жобасын – Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Жаңалықтар
0