Денсаулық

Қазақстанда вейптерді тартуға және сатуға тыйым салынбақ

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуВейп
Вейп - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2022
Жазылу
Халық денсаулығы туралы кодекске тиісті түзетулер енгізіледі
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Қазақстанда вейптерді тартуға және сатуға тыйым салынады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстанда вейптерді сатуға және қолдануға тыйым салатын түзетулер туралы шешім қабылдадық. Темекі қоспасы, сұйықтық, газ – олардың бәрін елімізде сатуға және пайдалануға толығымен тыйым салынады", - деді Жамалов мәжіліс кулуарында.
Осыған байланысты Халық денсаулығы туралы кодекске тиісті түзетулер енгізіледі.
"Қазақстанда әртүрлі хош иістендіргіштерді сатуға және пайдалануға толығымен тыйым салынады. Сол себепті Салық кодексінен бұл ұғымдарды алып тастадық", - деп нақтылады мәжілісмен.
Сондай-ақ, оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда қыздырылатын темекіге (IQOS және glo) ешқандай салық салынбайды. Бірақ олардың адам организміне зияны кәдімгі темекімен бірдей.
Осыған байланысты депутаттар осы стиктерге кәдімгі темекіге салынатын акциздердің 70%-і мөлшерінде акциз енгізу туралы шешім қабылдаған.
Система нагревания IQOS - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2021
Қоғам
Вейп несімен қауіпті?
Жаңалықтар
0