Қазақстаннан заңсыз шығарылған ақшаны қайтару жөніндегі комиссияға кімдер кірді
© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) құру туралы жарлығы жарияланды.
Комиссия елден заңсыз шығарылған ақшаны Қазақстанға қайтарумен айналысады. Сондай-ақ заңсыз жолмен алынған экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтайды.
Комиссия құрамына кім кіреді:
1.
Қазақстан Республикасының бас прокуроры, төраға;2.
Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары, төраға орынбасары;3.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы;4.
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі;5.
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - қаржы министрі;6.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;7.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;8.
Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы;9.
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы;10.
Қазақстан Республикасы қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;11.
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы;12.
Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі;13.
Қазақстан Республикасының әділет министрі.Ведомствоаралық комиссияға бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы президентінің қарауына Ведомствоаралық комиссия туралы ереже жобасын енгізу тапсырылды. Ведомствоаралық комиссия атқарылған жұмыс туралы екі аптада бір рет баяндап отырады.
Комиссия ел азаматтарының шетелге заңсыз әкетілген қаржысын қайтару мақсатында 5 маусым – Конституцияға түзетулер бойынша референдум өткізілген күні құрылды. Мемлекет басшысы комиссия қызметіне жеке бақылау жасауды жүзеге асыруға ниетті.
Еске салсақ, Тоқаев референдумнан кейін халыққа үндеуінде "елдің экономикалық ресурстарын адамдардың шағын тобының қолында шоғырландыруға ықпал еткен және оларға артық преференциялар берген" заңнаманы қайта қарау қажеттігін атап өткен еді.