Орталық Азия елдері мен Қытай сыртқы істер министрлерінің үшінші кеңесі өтті

© Sputnik / Абзал КалиевВстреча глав МИД ЦА и КНР в Нур-Султане
Встреча глав МИД ЦА и КНР в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Қазақстанның төрағалығымен "Орталық Азия – Қытай " форматындағы сыртқы істер министрлерінің үшінші кеңесі өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Орталық Азия және Қытай сыртқы істер министрлерінің Нұр-Сұлтандағы кездесуі
Орталық Азия және Қытай сыртқы істер министрлерінің Нұр-Сұлтандағы кездесуі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2022
Орталық Азия және Қытай сыртқы істер министрлерінің Нұр-Сұлтандағы кездесуі
Кездесуге Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Қытай Халық Республикасының мемлекеттік кеңесінің мүшесі, сыртқы істер министрі Ван И, Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Тәжікстан Республикасының көлік министрі Азим Иброхим, Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрі Рашид Мередов және Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Владимир Норов қатысты.
Министрлер достық пен сенім ахуалында өткен отырыс барысында 2022 жылғы 25 қаңтарда Қазақстанның төрағалығы жылында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай өткен бірінші саммит барысында Орталық Азия мен Қытай мемлекет басшыларының көтерген бастамаларын іске асыру жолдарын қарастырды.
© Sputnik / Абзал КалиевОрталық Азия және Қытай сыртқы істер министрлерінің Нұр-Сұлтандағы кездесуі
Орталық Азия және Қытай сыртқы істер министрлерінің Нұр-Сұлтандағы кездесуі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2022
Орталық Азия және Қытай сыртқы істер министрлерінің Нұр-Сұлтандағы кездесуі
Делегация басшылары Орталық Азия мемлекеттері мен ҚХР арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту өңірдегі орнықты әлеуметтік-экономикалық дамудың, бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудың маңызды факторы болып табылатынын атап өтті. Одан бөлек тараптардың осы формат шеңберіндегі өзара іс-қимылды нығайтуға, оның елеулі мүмкіндіктерін ашуға және Орталық Азия өңірін бейбітшілік, достық, өзара көмек, орнықты даму және үйлесімділік кеңістігіне айналдыруға мүдделілігі аталып өтті.
"Қауіпсіздік, көлік және логистика, энергетика және өнеркәсіп, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, "жасыл " экономика, IT-индустрия, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм және басқа да маңызды салалар сияқты стратегиялық бағыттарды қамтитын жол картасы форматын қабылдау алға қарай маңызды қадам болды ", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Орталық Азия өңірінің Қытаймен өзара байланысын тереңдету және жеке деректер қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында тиісті бастамалар мақұлданды.
© Sputnik / Абзал КалиевОрталық Азия және Қытай сыртқы істер министрлерінің Нұр-Сұлтандағы кездесуі
Орталық Азия және Қытай сыртқы істер министрлерінің Нұр-Сұлтандағы кездесуі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2022
Орталық Азия және Қытай сыртқы істер министрлерінің Нұр-Сұлтандағы кездесуі
Кеңес нәтижелері бойынша қабылданған қатысушы елдер форматының сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесі өткен консультациялардың қорытындыларын толық көлемде көрсетті және орта мерзімді перспективаға арналған магистральдық мақсаттарды белгіледі.
Бұл қытай тарапы 2020 жылы ұсынған қолданыстағы формат өзекті өңірлік және халықаралық мәселелерді шешуге өзара қолайлы тәсілдерді табуға қабілетті өңіраралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі тиімді тетік ретінде өзін танытқанын куәландырады.
Бүгін Қазақстан осы форматтағы төрағалығын аяқтап, Қытай Халық Республикасына келесі төртінші форумды басқару құқығын тапсырды.
Жаңалықтар
0