https://sputnik.kz/20220608/mektep-formasy-malimdeme-25408760.html
Білім министрлігі мектеп формасы туралы мәлімдеме жасады
Білім министрлігі мектеп формасы туралы мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта мектеп формасына қатысты бұйрық күшінде, ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ, деді Каримова 08.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-08T18:52+0500
2022-06-08T18:52+0500
2023-08-09T12:17+0500
мектеп формасы
білім және ғылым министрлігі
https://sputnik.kz/img/705/16/7051686_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_785728d37bb8b94b984db7198fca210d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова мектеп формасын кию ережесі өзгермегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ол түрлі ұсыныс түсіп жатқанын, соның ішінде оларды отандық мектептерде онлайн оқыту мүмкіндігі және оларды оқу үдерісіне тарту бойынша ұсыныстар бар екенін атап өтті."Ең бастысы – барлығын орта біліммен қамту. Бұл балалардың осы бөлігін мектепте білім алуы үшін жасалып отыр. Тағы бір айтарым, қазіргі уақытта мектеп формасына қатысты бұйрық өз күшінде, ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Біз барлық баланы біліммен қамтамасыз етудің түрлі мүмкіндіктерін талқылаймыз", - деп толықтырды комитет басшысы.Гүлмира Каримованың пікірінше, бұл эмоциямен шешетін мәселе емес. Ең алдымен балалардың мүдделері мен заңнамадағы нормаларды негізге алу керек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/705/16/7051686_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_00839bb7038585e86668de77ce851d09.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп формасы, білім және ғылым министрлігі
мектеп формасы, білім және ғылым министрлігі
Білім министрлігі мектеп формасы туралы мәлімдеме жасады
18:52 08.06.2022 (жаңартылды: 12:17 09.08.2023) Қазіргі уақытта мектеп формасына қатысты бұйрық күшінде, ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ, деді Каримова
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова мектеп формасын кию ережесі өзгермегенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Қазақстан – ол зайырлы мемлекет. Сол себепті мектептер де зайырлы мекеме болып саналады. Мектеп формасы туралы 2016 жылы шыққан бұйрық бар, ол күшін жойған жоқ. Біз біліммен қамтылмауы мүмкін қыздарды оқу процесіне қосу туралы айтып отырмыз. Сондықтан бұл мәселені шешудің жолдары мен тетіктерін іздестіріп жатырмыз. Бұл жерде әңгіме хиджаб туралы болып отырған жоқ", - деді Гүлмира Каримова.
Ол түрлі ұсыныс түсіп жатқанын, соның ішінде оларды отандық мектептерде онлайн оқыту мүмкіндігі және оларды оқу үдерісіне тарту бойынша ұсыныстар бар екенін атап өтті.
"Ең бастысы – барлығын орта біліммен қамту. Бұл балалардың осы бөлігін мектепте білім алуы үшін жасалып отыр. Тағы бір айтарым, қазіргі уақытта мектеп формасына қатысты бұйрық өз күшінде, ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Біз барлық баланы біліммен қамтамасыз етудің түрлі мүмкіндіктерін талқылаймыз", - деп толықтырды комитет басшысы.
Гүлмира Каримованың пікірінше, бұл эмоциямен шешетін мәселе емес. Ең алдымен балалардың мүдделері мен заңнамадағы нормаларды негізге алу керек.