Маңғыстаулықтар Министрліктер үйінің алдында бес күн түнеді – олар не талап етіп отыр

© Sputnik / Арман АсқарАлаяқтарға алданған маңғыстаулықтар банк картасын бұғаттан шығарып беруді талап етті
Алаяқтарға алданған маңғыстаулықтар банк картасын бұғаттан шығарып беруді талап етті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Маңғыстаудың бір топ тұрғыны Министрліктер үйінің маңында түнеп жүр. Барлығы алаяқтардың құрбаны болған. Банк карталары бұғатталған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Маңғыстаулықтар Ақордаға өте алмады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жолын бөгеген. Содан олар Министрліктер үйінің алдында, Мәңгілік ел даңғылының бергі бетінде кілем төсеп, жатып алды. Сол жерде ас ішіп, түнеп жүр.
"Бұл жерде жатқанымызға бес күн болды. Атымызға көлік рәсімдеп, алдап кеткен. Енді банк картамызды бұғаттап тастады, Каспий, Халық банк, бәрін бұғаттап қойды", - дейді олар.
Ал полицияға арыз түсірдіңіздер ме деп сұрағанымызда: "Полиция қылмыстық іс қозғады. Бірақ тергеу қалай жүріп жатқанын білмейміз. Бізге банк карталарын бұғаттан шығарып берсін. Осыны талап етеміз", - деп қысқа ғана жауап берді.
© Арман АсқарАлаяқтарға алданған маңғыстаулықтар банк картасын бұғаттан шығарып беруді талап етті
Алаяқтарға алданған маңғыстаулықтар банк картасын бұғаттан шығарып беруді талап етті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2022
Алаяқтарға алданған маңғыстаулықтар банк картасын бұғаттан шығарып беруді талап етті
Маңғыстау облыстық полиция департаменті алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
"Бір топ алаяқ өңір тұрғындарының сеніміне кіріп, Ақтау қаласында орналасқан екінші деңгейлі банктердің филиалдары – Каспий банк, Сбербанк, Евразиялық банк пен Банк Центр кредит арқылы олардың атына автокредит рәсімдеген. Сол үшін орта есеппен 200-500 мың теңге аралығында ақшалай сыйақы берген. Ал автокредиттерді қысқа мерзімде өтеуге уәде еткен. Алаяқтардың құрбаны автокөлікті алаяққа өз еркімен тапсырған", - дейді полицейлер.
Ал алаяқтар бастапқы жарнаны және кредит бойынша ай сайынғы төлемдерді төлеген. Бірақ артынан заңсыз жолмен иемденген көліктерді басқа адамдарға төмен бағамен сатып отырған. Осы уақытқа дейін полицияға 189 адам арызданды. Барлығы алаяқтардың құрбаны болған.
Бүгінде автокөліктерді қайта рәсімдеуге жол бермеу мақсатында барлық автокөлік VIN-код арқылы ішкі істер министрлігінің базасына "Криминалдық автокөлік" ретінде есепке қойылды. 16 автокөлік Ақтау қаласының айып тұрағына жабылды. Қалған автокөліктерді іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен үш адам қамауға алынды. Бір күдіктіге іздеу жарияланды. Облыстық полиция департаментінің бастығы мен прокурор қылмыстық істі жеке бақылауына алды.
Жаңалықтар
0