Саясат

Конституцияға енгізілген өзгерістер күшіне енді

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан Конституциясы
Қазақстан Конституциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2022
Жазылу
Қазақстанда республикалық референдум 5 маусымда өтті
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Орталық референдум комиссиясы мемлекеттік БАҚ-та референдумның қорытындылары туралы ресми хабарлама жариялады.
Осылайша Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Негізгі өзгерістер:
Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшеді;
Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі;
Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ;
Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады;
Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ;
Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады;
Сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады;
Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді;
Тұңғыш президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алып тасталады.
Еске сала кетсек, Қазақстанда республикалық референдум 5 маусымда өтті. Дауыс беру құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы қатысты.
Дауыс берушілердің келу көрсеткіші - 68,05 процент. Оның ішінде азаматтардың 77,18 пайызы (6 163 516 адам) Конституцияға өзгерістер енгізуге дауыс берді. Түзетулерге қарсы - 18,66 процент (1 490 470 адам).
Бюллетеньдердің 2,58 проценті жарамсыз деп танылды. Бюллетеньдердің 1,58 проценті дауыстарды санау кезінде ескерілмеген.
Жаңалықтар
0