https://sputnik.kz/20220608/ekibastuz-zhondeu-zhumystary-mektep-ort-25400719.html
Екібастұзда жөндеу жұмыстары жүріп жатқан мектеп өртенді
Екібастұзда жөндеу жұмыстары жүріп жатқан мектеп өртенді
Sputnik Қазақстан
Өрт сөндірушілер келгенге дейін оқиға орнынан пропан құйылған баллон мен 40 жұмысшы эвакуацияланды 08.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-08T14:51+0500
2022-06-08T14:51+0500
2022-06-08T14:51+0500
өрт сөндірушілер
https://sputnik.kz/img/07e6/04/15/24347489_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_83983380ed1e6831eb8fb18cb30c9195.jpg
ПАВЛОДАР, 8 маусым – Sputnik. Екібастұздағы №24 мектеп-гимназиясында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан құрылыс материалдары мен пластикалық конструкциялар өртенді, деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.Өрт жөндеу жұмыстары кезінде бірінші қабаттағы кабинетте сағат 10-да басталды. 40 шаршы метр аумақта құрылыс заттары мен пластик құрылымдар жанып кеткен. Өрт сағат 10:15-те оқшауланды.Өрт сөндірушілер келгенге дейін оқиға орнынан пропан құйылған баллон мен 40 жұмысшы эвакуацияланды.Айта кетері, білім ордасында сәуірден бері жөндеу жүргізіліп жатыр.Оның айтуынша, бүгінде күрделі жөндеудің жалпы көлемінің 60 пайызы орындалған. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін мектепте жылу жүйесін жөндеу және электр сымдарын ауыстыру, жаңа есіктер мен терезелер орнату, ғимараттың қасбеті мен ішкі әрлеуін жаңарту жоспарлануда."Өрт салдарынан жөнделген екі кабинет зардап шекті, сондай-ақ тағы бір мердігер – "Қазеврострой" ЖШС-нің құрылыс материалдары жарамсыз болып қалды. Шығын сомасы анықталған соң кінәлі тұлғалар шығынды өтейді. Жөндеу жұмыстарын жалғастырып, мерзімінде аяқтаймыз деп үміттенеміз", - деді білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Динара Ахметова.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/15/24347489_912:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_c2ac5727abb1621a1b5d82dc1b6757aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт сөндірушілер
Екібастұзда жөндеу жұмыстары жүріп жатқан мектеп өртенді
Өрт сөндірушілер келгенге дейін оқиға орнынан пропан құйылған баллон мен 40 жұмысшы эвакуацияланды
ПАВЛОДАР, 8 маусым – Sputnik. Екібастұздағы №24 мектеп-гимназиясында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан құрылыс материалдары мен пластикалық конструкциялар өртенді, деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Өрт жөндеу жұмыстары кезінде бірінші қабаттағы кабинетте сағат 10-да басталды. 40 шаршы метр аумақта құрылыс заттары мен пластик құрылымдар жанып кеткен. Өрт сағат 10:15-те оқшауланды.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін оқиға орнынан пропан құйылған баллон мен 40 жұмысшы эвакуацияланды.
Айта кетері, білім ордасында сәуірден бері жөндеу жүргізіліп жатыр.
"Құрылыстың түріне қарай жөндеу жұмыстарын бірнеше мердігер атқарады. Өрт жылу жүйесін жөндеу кезінде дәнекерлеу жұмысын жүргізген "Бектемір Құрылыс" ЖШС кінәсінен шыққан. Фирма басшылығы өз қателігін мойындап, шығынды өтеуге дайын екенін жеткізді", - деді мектеп директоры Құралай Рахметжанова.
Оның айтуынша, бүгінде күрделі жөндеудің жалпы көлемінің 60 пайызы орындалған. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін мектепте жылу жүйесін жөндеу және электр сымдарын ауыстыру, жаңа есіктер мен терезелер орнату, ғимараттың қасбеті мен ішкі әрлеуін жаңарту жоспарлануда.
"Өрт салдарынан жөнделген екі кабинет зардап шекті, сондай-ақ тағы бір мердігер – "Қазеврострой" ЖШС-нің құрылыс материалдары жарамсыз болып қалды. Шығын сомасы анықталған соң кінәлі тұлғалар шығынды өтейді. Жөндеу жұмыстарын жалғастырып, мерзімінде аяқтаймыз деп үміттенеміз", - деді білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Динара Ахметова.