Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыс Ресеймен текетіресті қашанға дейін жалғастырады

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуФлаги России и Евросоюза у президентского дворца в Хельсинки
Флаги России и Евросоюза у президентского дворца в Хельсинки - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2022
Жазылу
"Соғыс іс-қимылдары аяқталған кезде біз дипломатиялық арналар арқылы байланысты қайта жандандыруымыз үшін қазір Ресейдің беделін таптамау керек. Делдал-держава болу Францияға тиісті рөл екеніне сенімдімін", - деді Эммануэль Макрон өңірлік баспасөзге берген сұхбатында. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Елисей сарайының иесі кезекті дауыс берудің алғашқы турына екі апта уақыт қалған кезде журналистермен сұхбаттасты. Бұл жолы Ұлттық жиынның төменгі палатасының жаңа құрамы сайланады.
Жазылған пікірлердің сипаты қазір еуропалық ретінде француз қоғамын Ресейдің Украинада жүргізіп жатқан арнайы әскери операцияның барысы емес, басым бөлігі құрлықтық Еуропадан пана тапқан босқындардың тағдыры емес, жалпы "осының барлығы қашан аяқталатыны" қызықтырып отырғанын аңғартады. "Осының барлығы" деген тіркестің астарында "ресейлік агрессорды тежеу мақсатында" ұлттық билік пен Брюссель қабылдаған геосаяси және экономикалық шешімдер жатыр.
Батыстағылар бұл шешімдер арқылы Ресейді оқшаулап, оның экономикалық жағдайы нашарлаған соң, талаптарды орындауға мәжбүр болады деген жоспары болды. Алайда, бұл жоспар толығымен іске аспағанына қазір көз жетті. Себебі Ресейде жарық жанып, су тапшылығы жоқ шақта Еуропада тұрғындар суды, газ бен электр жарығын үнемдеуге мәжбүр болып отыр. Сондай-ақ алдағы демалыстар маусымында автомобиль жанармайының тапшылығы туындау қаупі де бар.
Бұл туралы Халықаралық энергетика агенттігінің басшысы Фатих Бироль мәлімдеді. Негізінен ол "жаз бен демалыс маусымының басталуына байланысты дизель отыны, бензин мен авиациялық керосин тапшылығына тап болуымыз ықтимал" деген пікір айтты. Мұндай мәлімдеме Франциядағы парламент сайлауы қарсаңында халық арасында дүрбелең тудырып, дауыс беру қарқынына ықпал етуі мүмкін болған соң, француздардың ресми тұлалары Бирольдің сөзін жоққа шығаруға тырысты.
"Алдағы үш айда ұшаққа арналған жанармай мен автокөлік отынына байланысты тапшылық туындамауы керек, себебі бір тоқсанға жететін қор бар", - деген мәлімдеме жасады. Яғни, француз билігі қыркүйек, қазан, қарашада жағдай қандай болатынына кепілдік беріп тұрған жоқ. Күзден гөрі аяз келіп, үйлерде жылу жүйелерін қосатын желтоқсанда Еуропа тығырыққа тірелетін түрі бар.
Президент РФ В. Путин провел переговоры с президентом Франции Э. Макроном - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2022
Саясат
Арасында 6 метрлік үстел: Путин мен Макрон кездесуі неге алыстан өтті
Ал Бироль өз сөзінен қайтпай, жеке тұлғалар мен компаниялардағы энергия тасымалдағыштар тапшылығы жарты ғасыр бұрынғы энергетикалық дағдарыстан әлдеқайда ұзаққа созылатынын айтты. Анығында да, электр жарығын сөндіру осы күзде-ақ басталуы ықтимал. Сол сияқты күзге қарай бидай бағасы да шарықтайды деген болжам бар.
"Соңғы екі жүз жылда аштық, қысым, қиындық көрмей, аса тоқ және дәулетті тіршілік еткен ұжымдық Батыс қазіргі уақытта сыни ойлау және алдағы дағдарыстың өршуіне дұрыс баға беру қабілетінен айырылған сыңайлы. Пандемия кезінде АҚШ пен Еуропадағы жағдай, миллиондаған адамның көз жұмуы осының айғағы болып отыр. Демократия мен үдерісті қолдасақ, теракт, адамдардың жаппай қырылуы сынды жамандықтар елді айналып өтеді деп үміттенгендердің бұл ойы іске аспады", - деп жазды РИА Новости тілшісі.
Еуропадағы қазіргі геосаяси дағдарысқа да әлемдегі ахуал мен болашаққа талдау жүргізбестен шешім қабылдағандардың әрекеті себеп болып отыр. Олар өз арман-қиялдарында Ресейді экономикасы әлсіз кедей ел ретінде көрді. Бірақ ақиқат мүлде басқа. Бірінші, екінші және кезекті санкциялар пакетін енгізіп жатқандар Ресей мен Беларусь бірігіп әлемдік минералды тыңайтқыштар өндірісінің жартысына жуығын бақылауда ұстайтынын білді. Сол сияқты, шикізатты орыстар жеткізетіндіктен, еуропалық шарап шығарушылар бөтелкелерге арналған қақпақсыз қалатынын білмеді ме?
Мақала авторының пікірінше, Ресейге қарсы ақпараттық соғыс кезінде бәзбіреулер орыс қоғамы ыдырап жатқанын жазды. Алайда, санкциялардың қыспағында қалған Ресей халқы бүгінде мызғымас бірлігін әлемге дәлелдей алды. Қоғам қандай ұстанымдар мен құндылықтарды қорғап отырғанын, ал кім бұл ұстанымдар мен құндлықтарды саудаға салып отырғанын жете түсіне алды.
Геосаяси дағдарыстың Еуропа мен АҚШ-тағы салдары бүгінде айқын көрініп тұр. Сондықтан ұжымдық Батыс Ресейге қатысты көзқараста бұрынғы тәкаппарлығын сақтап қалуға тырысады. Бірақ баяу болса да "дауыс ырғағын" өзгертіп жатқаны байқалады. Мысал ретінде "әскери іс-қимылдың аяқталуы" туралы айтқан Макронды атауға толық негіз бар. Ол тектен-тек Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынас туралы сөз қозғаған жоқ.
Архив фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2022
Экономика
Ресей мен Қазақстан бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылады
Жаңалықтар
0