https://sputnik.kz/20220608/azovstal-ushin-shayqas-ayaqtaldy-kombinattyn-qazirgi-akhualy-qanday-25444976.html
"Азовсталь" үшін шайқас аяқталды: комбинаттың қазіргі ахуалы қандай
"Азовсталь" үшін шайқас аяқталды: комбинаттың қазіргі ахуалы қандай
Sputnik Қазақстан
"Азовсталь" гарнизоны үш апта бұрын қаруын тастады. Бірақ Донецк Халық Республикасы мен Ресей әскерилері зауыт аумағын әлі тексеріп жатыр. Көлемі 12 гектардан... 08.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-08T17:54+0500
2022-06-08T17:54+0500
2022-06-10T11:00+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0a/25446470_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_8cbfe701cbe91677619f249368aef1f4.jpg
"Азовсталь" гарнизоны үш апта бұрын қаруын тастады. Бірақ Донецк Халық Республикасы мен Ресей әскерилері зауыт аумағын әлі тексеріп жатыр. Көлемі 12 гектардан асатын өнеркәсіптік кешенді тінту оңай емес. Әскерилер қайта-қайта қауіпті "олжаларға" тап болып жатыр. Комбинаттың қазіргі ахуалы туралы РИА Новости жазды.Журналистер үшін "Азовстальға" тек шығыстан, яғни Левобережный ауданы арқылы кіруге рұқсат берілген. Кіреберісте кеңестік көне Т—55 танкі тұр. Үш апта бұрын бұл танк артиллериялық соққылардан қатты зардап шеккен тұғырда тұрған болатын. Әскери машина бетон блоктан құлап кетпес үшін ДХР әскерилеі жөндеу-эвакуациялық машинаның көмегімен жәдігер-танкті блок бекетке жеткізді. Енді әскери машина маусымдағы аптап ыстықтан қорғайтын көлеңке көзі қызметін атқарып тұр.Жол бойы шашыраған қирандылақ мен әйнек сынықтары "Азовсталь" гарнизоны қаруын тапсырып, тұтқынға берілген және автобустарға отырған көпірге қарай бастайды. Бұл жақтан комбинаттың бір бөлігі ғана көрінеді. Әйтсе де, алып зауыт кешені майысқан металдардың, өртенген ғимараттардың, қиратылған техниканың үйіндісіне айналғанын осы тұстан-ақ аңғаруға болады.Комбинат толықтай дерлік қираған. Бұзылған барлық техника мен жабдықты қалпына келтіруге болады. Алайда, ең алдымен өте үлкен аумақты миналардан тазарту қажет.Анығында, "Азовстальді" қала ішіндегі қала деуге болады. Кеңес кезінде мұнда 41 цех пен 80 ірі ғимарат салынған. Асхана санының өзі жиырмаға жуықтайды. Ал бункер мен жерасты технологиялықт бөлме саны нақты қанша екенін жергілікті еңбек ардагерлерді де білмейді."Азов" жасағы мен Украина Қарулы күштері теңіз жаяу әскерінің 36-шы жеке бригадасы қорғаныс ретінде "Азовты" тектен-тек таңдаған жоқ. Металл мен бетоннан салынған лабиринттер снайперлер, гранаташылар мен зеңбірекшілер үшін өте қолайлы орын. Қалың қабырғалар оқ пен танк снарядынан сенімді қорғайды. Тарам-тарамға бөлінген жерасты коммуникациясы әскери бөлімшелерді бір орыннан екінші орынға оңай ығыстыруға мүмкіндік береді. Ал кең қақпа арқылы әуеден жасалатын соққыдан қорғану арқылы әскери техниканы кіргізуге ыңғайлы."Бұл бекініске бетпе-бет шабуыл жасаудың салдары қандай болатынын түсінесіздер ме? – дейді журналистерге ілесуші ДХР ІІМ офицері Андрей. – Азовтықтар аймақты жақсы білген, арнайы операция басталғанға дейін бірнеше рет осында келіп, барлығын тексерген. Ішке не тиелгені белгісіз автокөліктер кіргізген. Олардың бункерлерінен қорғаныс орындары белгіленген комбинат карталарын таптық. Олар қиян—кескі соғысқа дайындалған".Қарсы соғыстың орнына "Азовстальді" қоршап, "Тюльпан" ірі калбирлі минометтері мен "Солнцепек" огнемет жүйелерін жақындатып, әуеге бетон бұзатын бомбалары бар авиацияны көтерді де, металлургия комбинатын біртіндеп жермен-жексен ете бастады.Кейбір цехтар толығымен қираған. Бір қарағанда бүтін көрінетін ғимараттар ішінің астаң-кестеңі шығып жатыр. Кокс қалдықтарын қайта өңдеу цехында өнддірістік жабдық сынған, өрт іздері бар. Жылу электр орталығының ғимаратында бірнеше қабырға жоқ, генератор бөлмесі жойылып кеткен. Рельс бекітпелері цехында ауыр техника табанының астында барлық жабдық жаншылып қалған.ДХР офицері гарнизон кеңес заманынан қалған жерасты бөлмелерден шықпай отырғанын айтты. Мұндай жертөле саны оннан асады. Бункерлердің біріне кіретін есікті бетон басып қалған. Ішінде күйік иісі шығады. Офицердің айтуынша, УҚК әскерилері мұнда барлық жарамды техниканы алып кіріп, өртеп жіберген."Тұтқынға берілмес бұрын барлығын қиратып тастаған. Қару-жарақты бүлдіріп, тепловизор, түнде көруге арналған және коллиматорлы көздеуіштерді сындырып, броньді жилеттердің тілгілеп, шлемдерді оқпен тесіп тастаған. Ноутбуктарға қышқыл құйып, ұялы телефондарды жарамсыз еткен. Бұл жақтан алып шыққан дүние аз. Дегенмен, Ұлы Отан соғысы кезіне жататын дискті Дегтяров зеңбірегін олжаладық. Бұл нағыз жәдігер", - дейді ол.Комбинаттағы ахуалды көруге келген журналистерге жерде жатқан киім-кешекті баспауға кеңес берді. Әскерилердің айтуынша, олардың қалтасында жарылғыш зат болуы мүмкін.ДХР әскерилері мәлімдегендей, жертөлеге жасырынған украин әскерилері мен "азовтықтардың" ауыз су, ас-тамаққа деген тапшылығы болмаған. Тұтқынға берілгендердің кейбірінен қызыл уылдырық, ірімшік, паштет табылған.Дегенмен тым жиі құлаған авиабомбалар, үгітіліп жатқан қабырға, айналадағы тас қараңғылық пен бекініс жоқтығы гарнизонның психологиялық тұрғыда сағын сындырып тастады. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, екі жарым мыңнан астам жауынгер тұтқынға берілді. "Азовсталь" үшін шайқас аяқталды. Әйтсе де әскерилер 12 гектар аумақта әлі күнге дейін шағын қарулы топтар жасырынған болуы мүмкін екенін айтты.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0a/25446470_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_f65f8aba4eed951395642599e9275336.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
"Азовсталь" гарнизоны үш апта бұрын қаруын тастады. Бірақ Донецк Халық Республикасы мен Ресей әскерилері зауыт аумағын әлі тексеріп жатыр. Көлемі 12 гектардан асатын өнеркәсіптік кешенді тінту оңай емес. Әскерилер қайта-қайта қауіпті "олжаларға" тап болып жатыр. Комбинаттың қазіргі ахуалы туралы
РИА Новости жазды.
Журналистер үшін "Азовстальға" тек шығыстан, яғни Левобережный ауданы арқылы кіруге рұқсат берілген. Кіреберісте кеңестік көне Т—55 танкі тұр. Үш апта бұрын бұл танк артиллериялық соққылардан қатты зардап шеккен тұғырда тұрған болатын. Әскери машина бетон блоктан құлап кетпес үшін ДХР әскерилеі жөндеу-эвакуациялық машинаның көмегімен жәдігер-танкті блок бекетке жеткізді. Енді әскери машина маусымдағы аптап ыстықтан қорғайтын көлеңке көзі қызметін атқарып тұр.
Жол бойы шашыраған қирандылақ мен әйнек сынықтары "Азовсталь" гарнизоны қаруын тапсырып, тұтқынға берілген және автобустарға отырған көпірге қарай бастайды. Бұл жақтан комбинаттың бір бөлігі ғана көрінеді. Әйтсе де, алып зауыт кешені майысқан металдардың, өртенген ғимараттардың, қиратылған техниканың үйіндісіне айналғанын осы тұстан-ақ аңғаруға болады.
Комбинат толықтай дерлік қираған. Бұзылған барлық техника мен жабдықты қалпына келтіруге болады. Алайда, ең алдымен өте үлкен аумақты миналардан тазарту қажет.
Анығында, "Азовстальді" қала ішіндегі қала деуге болады. Кеңес кезінде мұнда 41 цех пен 80 ірі ғимарат салынған. Асхана санының өзі жиырмаға жуықтайды. Ал бункер мен жерасты технологиялықт бөлме саны нақты қанша екенін жергілікті еңбек ардагерлерді де білмейді.
"Азов" жасағы мен Украина Қарулы күштері теңіз жаяу әскерінің 36-шы жеке бригадасы қорғаныс ретінде "Азовты" тектен-тек таңдаған жоқ. Металл мен бетоннан салынған лабиринттер снайперлер, гранаташылар мен зеңбірекшілер үшін өте қолайлы орын. Қалың қабырғалар оқ пен танк снарядынан сенімді қорғайды. Тарам-тарамға бөлінген жерасты коммуникациясы әскери бөлімшелерді бір орыннан екінші орынға оңай ығыстыруға мүмкіндік береді. Ал кең қақпа арқылы әуеден жасалатын соққыдан қорғану арқылы әскери техниканы кіргізуге ыңғайлы.
"Бұл бекініске бетпе-бет шабуыл жасаудың салдары қандай болатынын түсінесіздер ме? – дейді журналистерге ілесуші ДХР ІІМ офицері Андрей. – Азовтықтар аймақты жақсы білген, арнайы операция басталғанға дейін бірнеше рет осында келіп, барлығын тексерген. Ішке не тиелгені белгісіз автокөліктер кіргізген. Олардың бункерлерінен қорғаныс орындары белгіленген комбинат карталарын таптық. Олар қиян—кескі соғысқа дайындалған".
Қарсы соғыстың орнына "Азовстальді" қоршап, "Тюльпан" ірі калбирлі минометтері мен "Солнцепек" огнемет жүйелерін жақындатып, әуеге бетон бұзатын бомбалары бар авиацияны көтерді де, металлургия комбинатын біртіндеп жермен-жексен ете бастады.
Кейбір цехтар толығымен қираған. Бір қарағанда бүтін көрінетін ғимараттар ішінің астаң-кестеңі шығып жатыр. Кокс қалдықтарын қайта өңдеу цехында өнддірістік жабдық сынған, өрт іздері бар. Жылу электр орталығының ғимаратында бірнеше қабырға жоқ, генератор бөлмесі жойылып кеткен. Рельс бекітпелері цехында ауыр техника табанының астында барлық жабдық жаншылып қалған.
ДХР офицері гарнизон кеңес заманынан қалған жерасты бөлмелерден шықпай отырғанын айтты. Мұндай жертөле саны оннан асады. Бункерлердің біріне кіретін есікті бетон басып қалған. Ішінде күйік иісі шығады. Офицердің айтуынша, УҚК әскерилері мұнда барлық жарамды техниканы алып кіріп, өртеп жіберген.
"Тұтқынға берілмес бұрын барлығын қиратып тастаған. Қару-жарақты бүлдіріп, тепловизор, түнде көруге арналған және коллиматорлы көздеуіштерді сындырып, броньді жилеттердің тілгілеп, шлемдерді оқпен тесіп тастаған. Ноутбуктарға қышқыл құйып, ұялы телефондарды жарамсыз еткен. Бұл жақтан алып шыққан дүние аз. Дегенмен, Ұлы Отан соғысы кезіне жататын дискті Дегтяров зеңбірегін олжаладық. Бұл нағыз жәдігер", - дейді ол.
Комбинаттағы ахуалды көруге келген журналистерге жерде жатқан киім-кешекті баспауға кеңес берді. Әскерилердің айтуынша, олардың қалтасында жарылғыш зат болуы мүмкін.
ДХР әскерилері мәлімдегендей, жертөлеге жасырынған украин әскерилері мен "азовтықтардың" ауыз су, ас-тамаққа деген тапшылығы болмаған. Тұтқынға берілгендердің кейбірінен қызыл уылдырық, ірімшік, паштет табылған.
Дегенмен тым жиі құлаған авиабомбалар, үгітіліп жатқан қабырға, айналадағы тас қараңғылық пен бекініс жоқтығы гарнизонның психологиялық тұрғыда сағын сындырып тастады. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, екі жарым мыңнан астам жауынгер тұтқынға берілді. "Азовсталь" үшін шайқас аяқталды. Әйтсе де әскерилер 12 гектар аумақта әлі күнге дейін шағын қарулы топтар жасырынған болуы мүмкін екенін айтты.